AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджетт...

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Алматы Бүгін 18:30 48 yakiya
Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады
Алматы қаласы мәслихаты

Алматы қаласы әкімінің қатысуымен Алматы қаласы мәслихатының кезекті XLVI сессиясы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Алматы қаласы мәслихатына сілтеме жасап.

Сессия барысында депутаттар 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау және қалалық инфрақұрылымды дамыту салаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарады.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасы 6,9%-ға өскенін атап өтті. Оның айтуынша, Алматы елдің жетекші экономикалық орталығы ретіндегі орнын сақтап келеді, ал ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру мегаполистің тұрақты дамуының басты негізі болып табылады.

Бюджеттің атқарылуы туралы баяндамамен Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов пен Тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Байымбетов сөз сөйледі. Атап өтілгендей, 2025 жылдың қорытындысында қала бюджетіне 2 трлн 402,6 млрд теңге түскен, бұл жоспардан 150,8 млрд теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда кірістер көлемі 19,3%-ға өсті.

Бюджет қаражатының ең үлкен көлемі білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникациялар салаларына бағытталды.

Тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша Алматы қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуына оң баға беріліп, кірістердің тұрақты өсуі, бюджет қаражатының тиімді игерілуі және шығыстардың әлеуметтік бағыттылығы атап өтілді.

Сессияда 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы да қаралды. Қосымша қаражат Алматының одан әрі дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Атап айтқанда, білім беру саласында Ақсай-2 шағынауданындағы №42 мектепті қайта жаңғыртуға, Әуезов ауданындағы №158 мектептің орнына 900 орындық жаңа мектеп салуға, сондай-ақ оқушылардың инновациялық шығармашылығы мен дамуына арналған жаңа «JIGER» орталығының қызметін қамтамасыз етуге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар Наурызбай ауданындағы екі жаңа балабақша мен Алмалы және Бостандық аудандарындағы күрделі жөндеуден өткен екі балабақшаны жабдықтау жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласында Медеу ауданындағы «Алатау» қалалық емханасын қайта жаңғырту жобасы басталады. Сондай-ақ онкологиялық орталығы мен емханасы бар 250 орындық көпсалалы аурухананың, «Дарабоз» шағынауданындағы 200 орындық перинаталдық орталықтың және Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығын реконструкциялау жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға да қомақты қаражат бөлінеді. Негізгі жобалардың бірі – LRT желісінің құрылысы. Ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы кезең Абылай хан даңғылы, Төле би және Момышұлы көшелері бойымен өтеді. Құрылысты 2027 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар Алматы агломерациясы бағытында Саин көшесі мен Абай даңғылының жалғасын салу, сондай-ақ Ақжар және Теректі шағынаудандарындағы жол желісін дамыту көзделген.

Бюджетті нақтылау аясында Алматы тау кластерін дамыту жобаларын іске асыру басталады. Атап айтқанда, кластердің Орталық аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу, сондай-ақ «Шымбұлақ» курортынан Кімасар және Бутаковка шатқалдары бағытына аспалы жолдар мен базалық станциялар салу жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, туризм мен қала экономикасының дамуына қосымша серпін беріледі.

Сонымен қатар Алмалы ауданындағы бұрынғы трамвай депосының орнында көпфункционалды қоғамдық орталықтың құрылысы мен Алматыдағы Қазақстан гимнастика федерациясы орталығының құрылысы жалғасады.

Сессия барысында депутаттар орфандық аурулары бар пациенттерді тегін дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейтуді де қолдады. Қосымша қаржыландырудың арқасында жедел миелобластты лейкоз және ювенильді идиопатиялық артрит диагноздары қойылған пациенттер өмірлік маңызды дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтеріне өзгерістер енгізілді. Тарифтерді түзету қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты жүргізілді. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдау шаралары сақталады.

Сессияда Алматы қаласында жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді, кондоминиум объектілерін басқару және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі шығыстар мөлшері қаралды, сондай-ақ сайлау комиссияларын қалыптастыру мен мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

Мәслихат депутаттары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шешімдерді, сондай-ақ қоршаудағы Ленинград қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек еткен Алматы тұрғындарының Санкт-Петербург қаласына барып-қайту шығындарын өтеу жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруды қолдады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасовтың айтуынша, бұл шешім қосымша бюджет қаражатын талап етпей, әлеуметтік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Сессия қорытындысы бойынша депутаттар күн тәртібіне шығарылған барлық негізгі шешімдерді қолдады.













Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);