AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап б...

Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді

Оқиға 26.02.2022, 06:22 1,690 Almaty-akshamy
Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді
Cурет: ӨКО

Мұндай хатты жүректі қыз жазады


Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» балабақша – мектеп гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабек жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына жүрекжарды тілегін жазған болатын. 


Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі – Жібектің жүрегі де мейірімге толы. Оның хаты Мемлекет басшының қолына тиген. 
Ел Президенті Жібекке жазған хатында жамбылдық оқушының хатын аса ризашылықпен оқығанын айтқан.



«Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рахмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысымыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – Өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаңның берген тәлім-тәрбиесін бойыңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашан да мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауырыңа менен сәлем», – деп жазды Мемлекет басшысы.




Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл ауданының оқушысына ноутбук тарту еткен.


Өз кезегінде хаттың иесін бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қабылдап, ізгі ниетін көрсеткен Бердібек Машбекұлы Жібекке смартфон мен кітап сыйға тартты.



«Мұндай хатты жүректі қыз жазады», – деп таңданды облыс әкімі Бердібек Машбекұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #оқушы #хат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді

Бүгін 15:46

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Бүгін 15:44

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 14:52

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);