AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жамбыл облысында оқушылар екі қатарласын ұрып өлті...

Жамбыл облысында оқушылар екі қатарласын ұрып өлтірді: бірнеше шенеунік сөгіс алды

Әлеумет 16.09.2025, 09:33 683 Сұлу
Жамбыл облысында оқушылар екі қатарласын ұрып өлтірді: бірнеше шенеунік сөгіс алды
depositphotos.com
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың жиіленіп кетуіне байланысты шұғыл кеңес өткізді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.  
"Жаңа оқу жылы басталғалы бері өңірде кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстардың жиілеп кетуі жағдайдың ушығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл мәселеге шұғыл әрі нақты шаралар қажет. Бала – біздің болашағымыз! Ертеңіміздің жарқын болуы үшін біз олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне, алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасауға тиіспіз.
 
Сіздерді тыңдасақ, барлық жұмыс жүріп жатыр, ауқымды шаралар атқарылып жатыр дейсіздер. Бірақ, нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Соңғы екі аптада үш қайғылы жағдай орын алды. Демек, сіздердің жұмыс тәсілдеріңіз тиімсіз. Оқушылардың тәрбиесі жөнінде мектеп, ата-ана, қоғам үштігінің өзара бірлескен жұмыстарын басынан қарау керек!
 
Қазіргі балалардың күн сайын ой-өрісі өзгеріске ұшырап, көзқарасы басқаша қалыптасуда. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыс тәсіліміз де жаңаша сипатта қарқын алу керек деп ойлаймын!" – дей келе облыс әкімі нәтижесіз жұмыстарды сынға алды.
Өңір басшысы бұған дейін мәселе бойынша нақты тапсырмалар бергенін, алайда жауапты тұлғалардың қабылдаған шараларынан нақты нәтиже көрмей отырғанын қатаң түрде ескертті.
Сонымен бірге, әр ауылдық округтің жеке өз учаскелік полиция инспекторы болуға тиіс екенін алға тартып, бос штаттарды шұғыл толықтыруды жүктеді.
 
Сөгіс алғандар: 
 
Ербол Қарашөкеев орын алған мәселелерге қатысты лауазымды тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шешімдер қабылдады.
  • Облыс әкімі аппаратына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке «сөгіс»,
  • Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке,
  • Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековке,
  • білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековке,
  •  әлеуметтік салаға жауапты Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова,
  •  Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаевқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қабылдау тапсырылды.
Білім басқармасынан Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларының және өзге де жауапты тұлғалардың атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарастыруды талап етті.
 
Облыс әкімі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша шұғыл зерделеу тобын құрып, әр білім беру мекемесінде кеңейтілген сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыруды міндеттеді.
 
Бұл құрылатын топ өңірдегі барлық мектептің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қылмыстың салдары мен зардабын түсіндіруге күш салуы тиіс. Топ жетекшісі ретінде Тараз қаласы және аудан әкімдері жеке жауап беретін болады.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#жамбыл облысы #оқушы #өлім #шенеунік #Сөгіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);