AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай коллекциялық м...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай коллекциялық монета айналымға шығады

Қаржы 29.09.2021, 15:40 1,573
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай коллекциялық монета айналымға шығады
inform.kz

Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Монеталардың қай күні сатылымға түсетіні туралы қосымша ақпарат ҚҰБ ресми сайтында жарияланады. 2021 жылы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды.


Оның шығармашылығы халық поэзиясы тарихында ерекше орын алады. Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген.



Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.


Жиегінде айналдыра – QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған.


Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар.


Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі, орталығында – «Артықша туған азамат» өлеңінің бірнеше жолы орналастырылған. Оң жағында ою-өрнек үзінділерінен жасалған домбыра контурының айшықты бейнесі мен мерейтой датасын білдіретін «175 JYL» жазуы орналасқан.


Монетаны айналдыра JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары, ал төменгі жағында дайындалған жылын білдіретін «2021» жазуы бар.


JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана болып дайындалды.


Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.


Олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға,


Қазақстанның барлық банктерінде аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл #Монета #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);