Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жамбы атушылар Шымкентте жаттығып жатыр

Жамбы атушылар Шымкентте жаттығып жатыр

Спорт 11.04.2024, 12:37 1,132
Жамбы атушылар Шымкентте жаттығып жатыр
Сурет: Мақсат Шағырбай

Чемпионатқа 13 елден 60 спортшы қатысады


Шымкент қалалық ипподромында Азия Чемпионаты қарсаңында жамбы атудан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр, деп хабарлады аlmaty-akshamy.kz. 


Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев спортшылардың дайындығына тоқталды.



5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты ақпанда бастадық. Алғашқы оқу-жаттығу жиындарында спортшылардың дене шынықтыруына баса назар аударылды. Бұл жаттығу жиындарына құрамамыздың спортшылары да қатысады. Алда тағы екі кезең бар, – деді бас жаттықтырушы.




Бірінші Азия чемпионаты қарсаңында Шымкент ипподромында жамбы атудан Сауд Арабиясының ұлттық құрамасы да жаттығып жатыр.



Айта кетсек, 14-18 сәуір аралығында Шымкентте ересектер арасында жамбы атудан бірінші Азия чемпионаты өтеді. Чемпионатқа 13 елден 60 спортшы қатысады. Жарысқа Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Таиланд, Қазақстан спортшылары қатысады.



Еске сала кетсек, Республикалық жамбы ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбы #ат #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында инвестиция 32%-ға өсіп, 40 млрд теңгенің жобасы іске асқалы жатыр

Бүгін 11:48

Алматыдағы Жетісу ауданында 68 шақырым инженерлік желі салынады

Бүгін 11:44

Алматыда аға буын өкілдеріне арналған тегін қызметтердің кең мүмкіндіктері ұсынылған

Бүгін 11:43

Енді психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі

Бүгін 11:26

Бүгін - Головкиннің туған күні: GGG жайлы ел біле бермейтін 10 дерек

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика