AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жалпыұлттық «Жасыл ел» жобасының жаңа маусымы баст...

Жалпыұлттық «Жасыл ел» жобасының жаңа маусымы басталды

Әлеумет 02.06.2022, 10:32 1,094
Жалпыұлттық «Жасыл ел» жобасының жаңа маусымы басталды
Сурет: Pricom.kz

30 мыңнан астам жасты жұмысқа тарту жоспары бар.


Қазақстанда «Жасыл ел» жалпыұлттық жобасының жаңа еңбек маусымы қайта басталды. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымының ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары мен «Жасыл ел» өңірлік штабтарының өкілдері қатысты. 



«Жасыл ел» жалпыұлттық жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі десем, қате емес. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып жатыр. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады», - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Бисембиев. 



«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары – экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық қозғалыс. 



«Еңбек маусымының ашылуы – біз асыға күтетін ең маңызды оқиғалардың бірі. Жыл бойы жастар табыс тауып қана қоймай, тәжірибе де жинайды, өз қабілеттерін ұштайды, жаңа мүмкіндіктерді ашады. Жасақтарды іріктеу кезінде біз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға өздерін көрсетуге, демалыс кезеңінде ақша табуына көңіл бөлеміз. Биыл біз 30 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», деді «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Данияр Азамат. 



Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Қазақстан #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);