ffin.kz

Жалпыға ортақ декларация: Алматы тұрғындарына нені білу керек?

Жалпыға ортақ декларация: Алматы тұрғындарына нені білу керек? Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Негізгі міндет сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету болып табылады.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қанағат Күлембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
ӨКҚ спикері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын тапсырғанын еске салды.
Екінші кезеңде 2023 жылы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды. 


Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.  


Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) тапсырады.



«Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) бір рет тапсырылады және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мәліметтерді көрсетеді», - деді Қ.Күлембаев.



2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларация тапсырылуы тиіс:
- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары.


Бұл талап жұмысы жоқ және қызметін тоқтатқан адамдарға да қатысты.
Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті емес, өйткені олар азаматтық заңнамаға сәйкес (ҚР МК 43-бабы) заңды тұлғалар болып табылмайды. 


2024 жылы жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде жеке практикамен айналысатын адамдар, яғни нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар декларация тапсырмайды.


Сіз жеке кәсіпкер немесе қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның басшысы екеніңізді немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде екеніңізді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz.интернет-ресурсының электрондық сервистеріне сілтемелер бойынша өз бетіңізше тексере аласыз. 


Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация ҚР-да және одан тыс жерлерде болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған: 
- шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
- шетелдік банктегі ақша 3,5 млн теңгеден асады (1000 АЕК);
- шетелдік компанияға қатысу үлесі;
- бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
- үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
- инвестициялық алтын (құймадағы алтын);
- зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
- 34,5 млн теңге (10 000 АЕК)шегінде қолма-қол ақша;
- басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары. 
- құны 3,5 млн теңгеден асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды 31.12.2023 ж. жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет. 


Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqazamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.


Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз тасығышта пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға құқылы.
 
Сондай – ақ, спикер декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту қарастырылғанын, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін-55 380 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынғанын айтты.


Декларацияда толық емес, сенімсіз мәліметтерді ұсынғаны үшін:
- жыл ішінде алғаш рет - ескерту.
- бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 11 076 теңге көлемінде айыппұл (3 АЕК).


Салық салу объектілерін жасырғаны үшін:
- жыл ішінде алғаш рет - төленбеген салықтар сомасынан 200%к көлемінд айыппұл.
- бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - төленбеген салықтар сомасының 300% мөлшерінде айыппұл.


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде барлық ақпарат орналастырылған (https://kgd.gov.kz/ru/content/vseobshchee-deklarirovanie-1-2), оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық, ҚР-дағы өз активтерін тексеру бойынша бейне нұсқаулық бар. 


2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды (270.00-нысан).



«Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару не өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды», - деп түсіндірді Қ. Күлембаев.



Бұдан басқа, кірістер мен мүлік туралы Декларацияда (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.


Қазіргі уақытта кірістер мен мүлік туралы Декларацияға (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, бекітілгеннен кейін 270.00-нысан мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.


Оның айтуынша, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.



«Егер 2024 жылы  «қабылданған» және «бөлінген» мәртебесі бар кірістер мен мүлік туралы декларацияның қолданыстағы нысаны (270.00 нысаны) ұсынылса, онда 270.00 нысанындағы декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды», - деп атап өтті спикер.



Сондай-ақ, 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы Декларацияны (270.00-нысан) 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған барлық жеке тұлғалар тапсыратынын еске салды.


Тапсыру  мерзімі - 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52