AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған құжат жазумен айналысқан топ құрықталды

Жалған құжат жазумен айналысқан топ құрықталды

Заң мен тəртіп 28.12.2023, 05:07 1,298
Жалған құжат жазумен айналысқан топ құрықталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды «қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен» және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Анықталғандай, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақша түрінде шығарып беріп отырған. Яғни олар өз бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы мекемелердің салық төлеуден жалтаруына көмектескен.


Қылмыстық топ ұйымдастырушылары «бір күндік фирмаларды» жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген.


Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.



«ҚМА «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «(https://t.me/afm_insider_bot)АФМ Insider (https://t.me/afm_insider_bot)» (https://t.me/afm_insider_bot) телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі»,-делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #жалған #топ #есеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15

Бизнес – экологиялық өзгерістердің серіктесі

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);