AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған ақша таратқан қазақстандық Мәскеуде ұсталды

Жалған ақша таратқан қазақстандық Мәскеуде ұсталды

Заң мен тəртіп 06.07.2025, 15:43 1,092
Жалған ақша таратқан қазақстандық Мәскеуде ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің растауынша, Мәскеуде полиция қызметкерлері 5000 рубльдік жалған купюраларды таратты деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ведомство мәліметінше, 23 жастағы жігіт мессенджер арқылы 5000 рубльдік 300 жалған банкнот сатып алып, оларды Ресейдің түрлі аймағында өткізе бастаған. Ол арзан тауарларды сатып алу арқылы жалған ақшамен есептесіп, қайтарымға шынайы ақша алып отырған.

Тергеу барысында оның 28 купюраны өткізіп үлгергені анықталды: екеуін — Волгоград облысында, он бірін — Астрахан облысында, тағы он бесін — Мәскеуде.

Күдікті астанаға Волгоградтан келген полиция қызметкерлерінің іссапары кезінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан жалпы сомасы 1,36 миллион рубль болатын 272 жалған купюра тәркіленді.

Аталған факт бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 186-бабы 1-бөлігі ("Жалған ақшаны жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазір жалған купюралардың шыққан көзін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жалған ақша #Мәскеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04

Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады

Бүгін 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);