AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жалған ақпарат таратудың діндегі үкімі қандай?

Жалған ақпарат таратудың діндегі үкімі қандай?

Әлеумет 18.01.2025, 14:22 1,242
Жалған ақпарат таратудың діндегі үкімі қандай?
Сурет: Stopfake.kz

Жалған ақпарат – шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер бұрмаланған, дәйексіз, негізсіз және қоғам арасында жалған түсінік қалыптастыратын ақпараттар. 

Шариғатымызда жалған ақпарат тарату адамгершілікке жат әрі үлкен күнә болып табылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өйткені жалған ақпарат тарату адамдар арасындағы сенім мен достықты бұзып, қоғамда дау-дамай мен араздық тудырып, бүлікке жол ашады.

Жалған ақпарат таратудың күнә әрі арам екені Құранда да, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де анық айтылған. Алла Тағала Құранда: «Сонда сендер оны тілдеріңмен таратып, ауыздарыңмен өздерің еш білмейтін нәрсені айттыңдар да, оны жеңіл деп есептедіңдер, ал ол – Алланың алдында аса зор (күнә)», – деген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Әрбір естігенін айту кісіге күнә ретінде жеткілікті», – деген. Сол себепті кез келген хабарды аныққанығына жетпей тұрып таратуға тыйым салынады.

Алла Тағала Құранда: «Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе (яғни білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарыпқолданғанына қатысты (Алланың алдында) жауапқа тартылады», – деген. Демек жалған ақпарат тарату – адамгершілікке жат әрі үлкен күнә. Шариғатымызда жалған ақпарат таратуға қатаң түрде тыйым салынады. Сол себепті мұсылман адам естіген хабарының шындығына көз жеткізбестен оны біреуге айтудан тыйылуы тиіс.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақпарат #жалған #шариғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);