AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жайық суы біртіндеп төмендеп келеді

Жайық суы біртіндеп төмендеп келеді

Әлеумет 25.04.2024, 05:19 867
Жайық суы біртіндеп төмендеп келеді
Сурет: Gov.kz

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.


Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарында Жайық өзенінің су деңгейіне  мониторинг жалғасуда, су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 


Атырау қаласында  Жайық өзені бойындағы ықшам аудандарда және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде және Береке ауылында  бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 229,6 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді.


Қызылорда, Маңғыстау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамы және ТЖМ Қарағанды қаласы
52859 әскери бөлімінен құрылған жиынтық топтардың көмекке келген күштері мен құралдары су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.


Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 5 987 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 31 416 адам өз үйлеріне оралды.
8 560 адам, оның ішінде 3 717 бала эвакуациялау пункттерінде.


11,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,6 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.


Жедел желі телефонына 2 216 қоңырау түсті.


Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 мыңнан астам адам,  4 мың техника, 763 су сору құралы, 298 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жайық #су тасқыны #тасқынмен күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);