конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жабайы өсімдік жинаушылар да салық төлей бастайды

Жабайы өсімдік жинаушылар да салық төлей бастайды

Әлеумет 20.04.2023, 10:26 1,010
Жабайы өсімдік жинаушылар да салық төлей бастайды
Cурет: Gov.kz

Теріп алынған жабайы өсімдіктердің  бір келісі үшін төлемақы мөлшерлемесі белгіленбек 


Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төлемақы мөлшерлемелерін республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары белгілейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Салық заңнамасына енгізілген өзгерістеріне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орманды пайдаланғаны үшін төлемақы жаңа ережелермен толықтырылып, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы болып қолданысқа енгізіледі (Салық кодексінің 69-тарауының 6-параграфы).


Мәселен, егер қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (оның ішінде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер) аумағындағы объектілерге ғана салық салынатын болса, келесі жылдан бастап салық салу объектілеріне осы аумақтан тыс жерде жиналатын өсімдіктердің жабайы түрлері де енгізілген.


Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады және өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындау (жинау) кезінде алынады.


Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) өсімдіктердің түрлерін, өсімдіктердің жабайы түрлерін жинаудың бір килограмы үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілейді, сондай-ақ төлемақы сомасын есептейді.


Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдалану құқығы жабайы өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы төлемақы төленген және хабарлама жіберілген жағдайда беріледі.


Өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.


Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жабайы өсімдіктер #салық #төлемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);