Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ЮНЕСКО ұйымы мектепте смартфон қолдануға тыйым сал...

ЮНЕСКО ұйымы мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға шақырды

Білім және ғылым 29.07.2023, 06:52 1,106
ЮНЕСКО ұйымы мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға шақырды
Сурет: ашық дереккөз

 ЮНЕСКО ұйымы мектептегі сабақтарда смартфонды қолдануға тыйым салуға шақырды.


Мамандардың айтуынша, оқушылар назары гаджеттерге ауып, оқу үлгерімі төмендеп кеткен. Сондай-ақ ұялы телефонға телмірген балалардың көру қабілеті де көңіл көншітпейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz .24.kz-ке сілтеме жасап.


ЮНЕСКО-ның зерттеулері бойынша мектептерде технологиялық құрылғылар, әсіресе смартфондар мен компьютерлерді оқушылар тым көп қолданады. Сарапшылар тек қажетіне қарай пайдаланып, бұл істі тәжірибелі ұстаздар басқаруы тиіс дейді.



 - Білім беру саласында технологияларды қолдануда мұқият болу керек. Ол оқу сапасын көтеруге бағытталуы қажет және оқушылар мен мұғалімдерге зиян келтірмеуі тиіс, -дейді «ЮНЕСКО» ұйымының бас директоры Одри Азуле. 



Баяндама авторлары белгілі дағдылар игеру және нақты ғылыми салаларда білімін жетілдіруге жаңа технологиялар пайдалы болатынын мойындап отыр. Бірақ балаларға кері әсері тимес үшін мектеп мұғалімдері осы саланы қадағалауы керек. Әлемнің әрбір төртінші елінде мектептерде смартфондарға тыйым салынған. Бұл тізімде осындай шектеуді 2018 жылы енгізген Франция бар. Италияда мұғалімдер таңертең оқушылардың смартфондарын жинап алып, оқуы біткенде қайтарады. 2024 жылы олардың қатарына Финляндия мен Нидерланд қосылады. 


 - Білім беру мен оқу процестерінде жаңа технологиялардың болғаны дұрыс. Бірақ ол адамдардың жұмысына, денсаулығына зиянын келтірмеуі тиіс,-дейді баяндама авторы Манос Антонинис.   


Соңғы 20 жылда көптеген мектептерде қағаздың орнына экрандарды қолдана бастады. Оқушылар кітап оқымай, интернеттен ақпарат алатын болды. Ал пандемия бұл үрдісті тездетіп жіберді. Миллиондаған бала онлайн оқуға көшті. Технологияға құмарлық білім беру саласына қымбатқа түсіп отыр. Осы қаражатты ұстаздардың жалақысын көтеруге және тұрмысы нашар оқушыларға кітап сатып алуға жұмсалғаны жөн, - дейді ұйым өкілдері. 

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/611171-yunesko-jymy-mektepte-smartfon-oldanu-a-tyjym-salu-a-sha-yrdy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смартфон #оқушы #қолдану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:57

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

Бүгін 11:49

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика