AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Иттің майын денеге жағуға бола ма?

Иттің майын денеге жағуға бола ма?

Керек кеңес 04.04.2023, 14:41 1,874
Иттің майын денеге жағуға бола ма?
Сурет: Tengrinews.kz

Шариғатымызда иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады.


Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Muftyat.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Ол жөнінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):   


«Азу тісті әрбір жыртқыш аңды жеу – харам», – деген.


Сондай-ақ, итті сатып ақшасын пайдалану харам екендігіне байланысты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: 


«Итті сатып тапқан табысы – харам».    


Енді иттің майын емдік мақсатта пайдалануға келсек, Ханафи мәзһабында жеуге тыйым салынған жануарлардың еті және тағы басқа нәрселерімен емделуге болмайды.


Ибн ән-Нужайм әл-Ханафи: «Харам нәрселермен емделу ғалымдардың арасында  тартысты мәселе. Алайда «әз-Захира» кітабында: «Харамнан басқа еш ем табылмаса және ол ауруға ем болатыны нақты болса, онымен емделуге рұқсат», – деген.


Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алла Тағаланың харам еткен нәрселерінде сендерге шипа жоқ», – деген хадисі емі жоқ нәрселерді ғана қамтиды. Сол үшін ғалымдар адал әрі таза дәрі табылмаған жағдайда ғана дәрігер иттің майын жағуға кеңес берсе оған рұқсат берген.


Сондықтан әділ әрі сенімді мұсылман дәрігер аурудың жалғыз емі – иттің майын жағу және оның еш зияны жоқ деген қорытынды жасаған жағдайда әрі оның орнын басатын халал дәрі табылмаса, онда оны емдік мақсатта қолданудың оқасы жоқ.  


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иттің майы #жағу #мұсылман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін 10:39

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);