ffin.kz

Италия сапары. Жаңа жыл Наурызда тойлана ма?

Италия сапары. Жаңа жыл Наурызда тойлана ма? Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені


Өлсең де, құтылмайсың...



Қазақстанда коммуналдық төлемдер мен несиелер бойынша берешек мұра болып саналады.


Мұраны қабылдаған адам қайтыс болған туысының несиесін қарыз шартында жазылған кесте бойынша өтейтін болады. Егер берешекті өтеу кестесі оған ыңғайсыз болса немесе  қарызды мерзімінен бұрын жапқысы келсе, мұның бәрін несие берушімен шешіп алуы тиіс.


Егер қайтыс болған адамның мұрагерлері болмаса немесе олар мұраны пайдаланудан бас тартса, онда ол иесіз мүлік деп танылады және ол коммуналдық меншікке өтеді.


 


60 жылда алғаш рет...



Әуежай көлінің түбі 60 жылдан беріп тазартылмапты. Биыл алпыс жылдан бері алғаш рет Әуежай көлінің түбін тазартылатын болды. Бұл туралы бүгін Түрксіб ауданының халқымен кездескен мегаполис басшысы Ерболат Досаев айтты.


Әкімнің айтуынша, Әуежай көлінің түбі тазартылып қана қоймай, одан әрі абаттандырылып, жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы мен түбіндегі су ағызу жұмыстары жүргізіледі.


 


Пойыз билетінің құнын қайтара аламыз ба?



24 сағаттың ішінде қайтарылған билеттің құны да толық беріледі. Ал бұдан аз уақытта немесе пойыз жөнелтілгенге дейінгі алты сағаттан кешіктірмей қайтарып үлгерген жағдайда билет бағасы мен плацкарттың 50 пайыз ақшасын қайтарып ала аласыз. Қала маңында қатынайтын пойыздың билетін өткізіп, ақшаны қайтаруға болады. Билетті пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағат ішінде қайтарған жағдайда жолаушыға толық жолақы беріледі, ал 24 сағаттан аз уақыт ішінде, бірақ пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағаттан кешіктірілмеген жағдайда жол жүру құнының 70 пайызы қайтарылады.


 


Жаңа инвестор бағаны қымбаттатпай ма?



Үкіметте «Қазақтелеком» АҚ-ның мобильді операторларының бірін жаңа инвесторға беру мәселесі талқыланды. Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.


 


Зейнетақы көбейді ме?



«2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 %-ға өсті. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына, сондай-ақ ең төмен мөлшердің 60 %-дан 65 %-ға, ең жоғарысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 %-дан 105 %-ға дейін ұлғаюына байланысты көбейді.


 


Мемлекет басшысының алғашқы сапары



Қазақстан президентінің 2024 жылғы алғашқы сапары Италиядан басталды.


Қасым-Жомарт Тоқаевты Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Ертең Қазақстан Президенті Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.


 


Обаға қарсы қауқарымыз қандай?



Обаға қарсы қызмет жылына екі рет профилактикалық жұмыстар жүргізеді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Сенатта Қазақстанда оба ауруының алдын алу шаралары туралы айтты. Сенат депутаты Ернұр Әйткенов көршілес мемлекеттерде ауру ошақтары байқалса, шекаралас аймақтарда ауру жұқтыру қаупі бар екенін атап өтті.


 


2000 пәтер кімге беріледі?



Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағына жауап бергенде биыл көктемде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2000 пәтерді берілетінін айтты.


"Біз халықтың осал топтарына санатына (ХСТС) пәтер сатып алдық, мен өзім барып көрдім, таныстым. Пәтерлерді қабылдау рәсімінен кейін біз мамыр айының соңына дейін кезекте тұрғандарға кілттерді беруге тырысамыз. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы бекітілген тізімдерді тағы бер қарап шығады. Жақын арада қала кезекте тұрғандар көптен күткен қоныс тойын атап өтеді деп үміттенемін", - деп түсіндірді қала әкімі.


 


Жаңа жылды Наурызда тойлаймыз



Сенаттың жалпы отырысында депутат Әли Бектаев Жаңа жылдың орнына Ұлыстың ұлы күнін ұлықтау қажеттігіне тоқталды.


«Қазақстан үшін бұл мереке ерекше маңызға ие. Халқымызда «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, жыл басы, күн мен түннің теңелген күні» деп айтылады. Дәл осы күндері бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызып, әркім өз ауласы мен үй-жайын тазалаған. Егіске шығып егін егіп, малмен айналысатындар төл алуға кірісіп Жыл басы қайнаған еңбекке ұласқан.


Бұдан бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Наурыз мейрамын жаңаша тойлау туралы айтқан болатын. 


 


Арыста баллон жарылды



Наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Зардап шеккендердің бірінің денесін 30 пайыз күйік шалса, екіншісінің денесінің 70 пайызы күйіп қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58