Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / IT саласында жаңа 40 мамандық пайда болады

IT саласында жаңа 40 мамандық пайда болады

Өмір-өзен 30.06.2021, 13:42 3,809
IT саласында жаңа 40 мамандық пайда болады
Сурет: Qazaqtv.com

2030 жылдары цифрлық заңгер, киберадвокат, кибертергеуші сияқты мамандықтар пайда болмақ.


Электронды еңбек биржасы алдағы жылдары жаңа мамандықтардың пайда болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандағы ақпарат және байланыс саласында 2021 жылдың бірінші тоқсанында 162,3 мың адам жұмыс істеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,6%-ға көп.


Бұл салада жұмыс істегендердің басым көпшілігі Алматы (39 мың адам), Нұр-Сұлтан (32,6 мың адам) және Шымкент (11,8 мың адам) қалаларының тұрғындары болып келеді.


Бұл салада жұмыс істейтіндердің ең аз саны - 25 мың адам Қызылорда облысында тіркелген. Бұл басқа аймақтармен және 2020 жылдың бірінші тоқсанымен  салыстырғанда 18,4%-ға аз.



Бұл саладағы жалақы мөлшері 328,1 мыңды теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда  7,4%-ға көп.


Ал сатып алу қабілетінің нақты өсуі 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,1% құрады. Бұл секторда ең жоғары жалақыны компьютерлік бағдарламалау саласының мамандары, кеңес беретін және өзге де қызмет көрсететін мамандар алады (354,6 мың), ең төменгі жалақыны кино, телебағдарлама түсірушілер, музыка жазушылар (218,1 мың теңге) алады.


Байланыс саласының мамандары 345 мың теңге, баспа саласының қызметкерлері 339,6 мың теңге, телебағдарлама жасаушылар 267,8 мың теңге, ақпараттық қызмет мамандары 258,6 мың теңге көлемінде жалақы алады.


Орта есеппен алғанда, Қазақстан өңірлері арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақпарат және байланыс саласының мамандардың табысы көп. Ал ең аз табатындар - Түркістан облысындағы мамандар, олардың жалақысы 118,4 мың теңгені құрайды.



Электронды еңбек биржасының Мамандар атласы алдағы уақытта IT саласында жаңа 40 мамандық пайда болатынын, 6 мамандықтың трансформацияға ұшырайтынын және 9 мамандықтың жойылатынын  болжап отыр.


Салалық сарапшылардың дерегі бойынша, 2030 жылы қолдау қызметінің сарапшысы, call-орталық операторы,  web-парақша жасаушылар, цифрлық ақпаратты өңдеуші мастер сияқты мамандар болмайды.



Жаңадан пайда болатын мамандықтардың арасында қазірдің өзінде  DevOps-инженеріне сұраныс жоғары. 2020 жылы IT-экожүйесінің сәулетшісі, MVP-manager, product-manager, R&D-manager сияқты мамандықтар пайда болады деген болжам жасалған.


Мамандардың айтуынша, 2030 жылы цифрлық заңгер,  киберадвокат, кибертергеуші сияқты мамандар пайда болады.  2040  жылы, алдын ала жасалған болжам бойынша, инженер-киборгизатор және киборгизация бойынша инструкторлар керек болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#IT #Қазақстан #атлас #профессии
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика