Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ислам ынтымақтастығы ойындарында командалық есепте...

Ислам ынтымақтастығы ойындарында командалық есепте Қазақстан үздік үштікке енді

Спорт 10.08.2022, 15:29 1,535
Ислам ынтымақтастығы ойындарында командалық есепте Қазақстан үздік үштікке енді
Сурет: Ашық дереккөзі

Дүбірлі додада 56 елден 4200 спортшы бақ сынауда


Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы V ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыс 5 тамызда басталғанына қарамастан Қазақстан құрамасы 5 медаль еншілеп үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Салтанатты іс-шараға Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Хусейн Ибрагим Таха, сондай-ақ бірқатар елдердің үкімет басшылары мен министрлері арнайы қатысты.


Дүбірлі додада 56 елден 4200 спортшы бақ сынауда. Қазақстан намысын 125 спортшы спорттың 16 түрінен қорғайды.


Спортшылар шеруінде Қазақстанның Туын көтеру құрметіне семсерлесуден 23 жасқа дейінгі Азия чемпионы –  Ерлік Сертай ие болды.



«V Ислам ынтымақтастық ойындарының ашылу салтанатында туды ұстап шығуды маған сеніп тапсырғаны үшін еліміздің спорт қоғамына алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік және мәртебе. Алдағы жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел сенімін ақтаймыз деген үміттемін»,-дейді Ерлік Сертай.



Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасын бастап барған Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова спортшылар бабында екенін жеткізді.



«Салтанатты ашылу рәсімі бүгін өтіп жатқанымен спорт түрлерінен жарыстар 5 тамыз бастау алған болатын. Қазіргі таңда ел құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Спортшыларымыз жақсы дайындықпен келді. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған»,-деді Айгүл Бақытжанқызы.



Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандық спортшылар екі Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысып, 2017 жылғы ІV Ислам ынтымақтастық ойындарына Қазақстан құрамасы қатарында 7 спорт түрінен 35 спортшы өнер көрсетіп, нәтижесінде 2 алтын, 5 күміс, 12 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 14 орынға орныққан болатын.


V Ислам ынтымақтастық ойындары 2021 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты 1 жылға кейінге қалдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ислам ынтымақтастығы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 08:51

"Атом реакторын жарып жібереміз". Иран Израильге қоқан-лоқы жасап отыр

Бүгін 08:39

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі