Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Ислам даму банкі Қазақстанның су секторына $1,15 м...

Ислам даму банкі Қазақстанның су секторына $1,15 млрд инвестиция құяды

Қаржы 13.11.2024, 17:20 874
Ислам даму банкі Қазақстанның су секторына $1,15 млрд инвестиция құяды
primeminister.kz

Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд көлемінде инвестиция салады. Бұл келісім Бакуде өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі (COP29) конференциясында бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Премьер-министрдің орынбасары және ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл Ислам даму банкінің тарихындағы ең ірі қаржыландыру жобасы екенін ерекше атап өтті.

Бұған қоса, Ислам даму банкі Қазақстанның су секторын дамытуға $3,5 млн көлемінде қайтарымсыз грант бөлді.

Ислам даму банкі Қазақстан Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген «Климат өзгерісіне бейімделген су ресурстарын дамыту» жобасын жүзеге асыруға атсалысатын болады. Тараптар бұған дейін жобаның бірінші кезеңі бойынша келісімге қол қойған еді.

Жобаның бірінші кезеңінде Астана су қоймасын толықтыруды қоса алғанда, төрт жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған төрт су қоймасын қайта құру, сондай-ақ 115 каналды жөндеу мен қайта жаңарту көзделген. Бұл жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі.

Сондай-ақ жоба аясында Ислам даму банкі мен Қазақстан Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты арасында су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерттеуге қатысты техникалық ынтымақтастық орнату, су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығына ерте ескерту жүйелерін енгізу қарастырылған.

Сонымен бірге, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын техникалық тұрғыдан жабдықтау және су ресурстарын басқару процесін жетілдіру мақсатында автоматтандыру орталығын құру жоспарлануда.

«Мемлекет басшысы су саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Бізге су инфрақұрылымын жаңғырту және климаттық өзгерістерге бейімдеу міндеті жүктелген. Ислам даму банкі сынды беделді институттың қаржыландыруы Қазақстанның инвестициялық саясаты мен әлеуметтік-экономикалық реформаларына жоғары сенімнің айғағы», — деді Нұрлан Байбазаров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ислам даму банкі #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика