AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ішкі істер министрі: қылмыскерді қарусыздандыру –...

Ішкі істер министрі: қылмыскерді қарусыздандыру – бұл жұмыс 

Заң мен тəртіп 19.03.2025, 09:55 987
Ішкі істер министрі: қылмыскерді қарусыздандыру – бұл жұмыс 
видеодан алынды

Ерлік пе, жұмыс па? Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында Алматы әуежайында және Петропавлда көшеде болған құқық бұзушыларды қарусыздандыру жағдайларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында әйелді кепілге алу бойынша қылмыстық процесс жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

«Жарып жіберу және қару қолдану қаупі болғанын ескерсек, яғни адамдар көп жерде полиция қызметкерлері дұрыс әрекет етті. Бұған баға береміз», – деді Ержан Сәденов.

Ал Петропавлда Ұлттық ұлан қызметкері көшеде тапаншамен тұрғындарды қорқытқан адамды қарусыздандырған жағдайға тоқтала келе, ІІМ басшысы мұндай ерлік күн сайын жасалатынын айтты.

«Полицей болу – бұл қоғам, халық, мемлекет, Отан үшін ерлік жасау. Яғни, қылмыскерді қарусыздандыру – бұл жұмыс. Адамдар мұны ерлік деп санайтын шығар, іс жүзінде бұл жұмыс. Сондықтан ант қабылдаған алғашқы күннен бастап біз қызметкерлерімізге полиция миссиясының маңыздылығы туралы айтамыз», – деді Ержан Сәденов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайында әйелді кепілге алу фактісі бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынып, тергеу оқшаулағышына қамалды.

Толық шығарылымға сілтеме: https://youtu.be/LPjytyehuis

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әуежайы #қылымыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);