AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ішімдік ішкен имам түнгі клуб жанынан ұсталды

Ішімдік ішкен имам түнгі клуб жанынан ұсталды

Оқиға 25.07.2024, 13:56 1,904
Ішімдік ішкен имам түнгі клуб жанынан ұсталды
Сурет: DALA INSIDE

Алкоголь ішіп, түнгі клуб жанында ұсталған Қостанайдағы имам Бас мүфтидің ауысуына ықпал етпек

Келесі аптада Қазақстан мұсылмандарының мерейтойлы, Х құрылтайын тезірек ұйымдастырып, Бас мүфти Наурызбай Өтпеновты ауыстыру бойынша жабық консультациялар басталмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

 Дәстүрлі исламның позициясы төмендеп, интернет, әлеуметтік желідегі радикалдардың қазақтың дәстүріне, ұлттық аспаптарына шабуылы күшейгенде Сенат пен "Сол жағалау" тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына "жұмысты күшейту, белсендірек болу" туралы өтініштер бірнеше рет айтылған болатын.

"ҚМДБ инертті, сылбыр, өз ұстанымын батыл жеткізе алмайтын ұйымға айналды. Қазір олар Қазақстандағы ислам мәселесін бақылаудан шығарып алғаны байқалады. Радикалдардың исламды қазақтың ұлттық құндылықтарына қарсы қоюы діннің позициясын әлсіретіп, тәңіризмге негізделген жаңа ағымдардың пайда болуына алып келді", - дейді, дереккөз.

Қостанайдағы бас имам Тәжімбет Бахытбектің алкоголь ұрттап, түнгі клубтың жанында көлік рөлінде ұсталғаны исламның беделіне ауыр соққы болуы мүмкін. Қазір сот үкімі шығып, имам 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Соңғы 10 жылда Қазақстанда үш бас мүфти ауысты. ҚМДБ тізгінін 2013-2017 жылдары Ержан Маямеров, 2017-2020 жылдары Ораз Серікбай ұстаса, 2020 жылдан бері Наурызбай Өтпенов бас мүфти қызметін атқарып келеді. Келесі құрылтай 2025 жылдың басында өтеді деген жоспар болған. Бірақ жабық консультациялар нәтижесінде мұсылмандардың кезектен тыс құрылтайы одан ерте шақырылуы да ғажап емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#имам #алкоголь ішкен #Бас мүфти #ауыстыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі

Бүгін 14:21

Рұқсатсыз салынған граффити – өнер емес, құқық бұзушылық

Бүгін 14:06

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);