AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инвестиция мен тұрақты дамудың жаңа перспективалар...

Инвестиция мен тұрақты дамудың жаңа перспективалары анықталды

Әлеумет 13.05.2025, 15:59 699 Bakyt
Инвестиция мен тұрақты дамудың жаңа перспективалары анықталды
Павлодар обл. ТЖД баспасөз қызметі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінде Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды. Алты жыл ішінде 2,014 млн ш. м. аумақты қамтитын геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жоспарланған аумақтың 91,6% құрайды.

Бағдарламаның мақсаты – 2026 жылға қарай ел аумағын геологиялық тұрғыдан толық қамту, жер қойнауының инвестициялық тартымдылығын арттыру және минералдық-шикізат кешенін тұрақты дамытудың ғылыми базасын қалыптастыру.

112 учаскеде төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстар аяқталды: геологиялық барлау, минералогиялық карта жасау, терең карталау және гидрогеология. Болжамды ресурстары бар 38 перспективалы бағыт анықталды:

- сирек жер металдары – 2,6 млн тонна

- мыс пен никель – 3,7 млн тонна

- қоңыр көмір – 1,1 млрд тонна

- алтын – 19 тонна.

Одан бөлек, мұнай-газ өнеркәсібі Арал шөгінді бассейнінде 266 млн тонна көлемінде алынатын көмірсутек ресурстарын растады.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде геологиялық барлауға 306 лицензия берілді. Салаға тартылған жеке инвестиция көлемі 137 млрд теңгеден асты.

Кадрлардың өсуін және геолог мамандығының танымалдылығын атап өткен жөн. 2022-2024 жылдар аралығында геология мамандығын бітірушілер саны 2,5 есеге өсті. Сала мамандарына арналған тұңғыш мемлекеттік  марапат – «Еңбек сіңірген геолог» тағайындалды.

Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарының сапасы мен жер қойнауын пайдаланудың ашықтығы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болуға бет алды. Қалған 200 мың шаршы метрді қамтитын бағдарлама 2025-2026 жылдары жалғасады. Назар оңтүстік және батыс аймақтарға, оның ішінде Сырдария бассейніне және сирек металдар бойынша перспективалы аймақтарға аударылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жер қойнауы #Қазба байлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);