AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Инновациялық жобаларға арналған Еgov-ты» іске қос...

«Инновациялық жобаларға арналған Еgov-ты» іске қосу жоспарланып отыр

Әлеумет 15.12.2022, 05:05 1,117
«Инновациялық жобаларға арналған Еgov-ты» іске қосу жоспарланып отыр
Сурет: mbnso.ru

2023 жылдың жазында пилоттық режимде іске қосылуы мүмкін.


Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысында өңірлерді инновациялық дамыту және ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» құру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өңірлердің технологиялық белсенділігін және экономиканы дамытудағы IT-сектордың үлесін арттыру үшін күш-жігерді облыстық инновациялық алаңдар мен бизнес-инкубаторларды қажетті деңгейде қолдауға шоғырландыру жоспарланып отырғанын баяндады. Бұл, әдетте жұмыс орындарын жалға алу, оқыту және кеңес беру қызметтеріне қатысты.


Премьер-Министр бұл бағытты, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландыру қажет екенін атап өтті.


Оның айтуынша, әкімдіктер инновацияларды дамыту және оларды өңірлік экономикаға енгізу үшін жағдай жасауы тиіс.


Сонымен қатар отырыста ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезе» жобасын іске асыру жөніндегі жоспар қаралды, бұл тақырыптық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары жиналатын Еgov үлгісі бойынша цифрлық платформаны іске қосуды көздейді. Оған қоса, жүйе сала қатысушыларына мониторинг жүргізу, қызметтерге тапсырыс беру, шарттар жасасу және т. б. қызметтер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді: мониторинг жүргізу, қызметтерге тапсырыс беру, шарттар жасасу және т. б.


Премьер-Министр бұл тәсілдерді қолдап, жобаны 2023 жылдың жазында пилоттық режимде іске қосуды тапсырды.


Бүкіл жеке сектор бір алаңда нарықты толықтай көре отырып, инновацияға сұраныс жасауға және тиісті тапсырыстар беруге мүмкіндік алуы керек. Екінші жағынан, инноваторлар өз идеяларын жүзеге асырудың тиімді тетігіне ие болады, — деді Әлихан Смайылов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #үкімет #Шешім #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика