AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көга...

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Алматы құшағында Бүгін 18:46 38 yakiya
Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен көгалдандыру жүйесін жетілдіру және жеке тәлімбақ құру мәселесіне арналған кеңес өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында қаладағы құрылыс пен көріктендіру қарқынын ескере отырып, жыл сайын көшетке деген сұраныс 1,4 миллионнан асатыны айтылды. Бұған ағаштар мен бұталар отырғызу, сондай-ақ жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары кіреді. Қазіргі таңда Алматыда арнайы тәлімбақтың болмауы сыртқы жеткізушілерге тәуелділікті күшейтіп, көшеттердің бағасы мен жерсіну сапасына әсер етіп отыр.

Қала басшысы өз тәлімбақ базасын қалыптастыру көгалдандыру саласын тұрақтандырып, қалалық ортаның сапасын арттырудағы маңызды стратегиялық қадам екенін атап өтті.

Жоба аясында қаланың оңтүстік бөлігінде бірнеше учаскеде тәлімбақ орналастыру қарастырылуда. Сонымен қатар аумақты кеңейту мүмкіндігі пысықталып жатыр. Бұл Алматыны климатқа бейімделген көшеттерді өсіріп, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, заманауи агротехнологияларды енгізу мәселесі де назарда. Атап айтқанда, жылына 1 миллионға дейін көшет өсіруге мүмкіндік беретін микроклондық көбейту зертханасын құру жоспарланып отыр. Бұл сапалы отырғызу материалымен тұрақты қамтамасыз етіп, шығынды азайтуға ықпал етеді.

Кеңес барысында жобаға шетелдік инвесторлардың қызығушылық танытып отырғаны да белгілі болды. Қазіргі таңда серіктестік тетіктері мен инвестиция тарту жолдары қарастырылып жатыр.

Жиын соңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқармаларға жобаны кешенді түрде іске асыруды, соның ішінде жобалық шешімдерді нақтылауды, ғылыми базаны дамытуды және өндірістік қуатты кезең-кезеңімен іске қосуды тапсырды.

Бұл бастама қаладағы жасыл қорды жүйелі жаңартуға, өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға және 2030 жылға дейінгі көгалдандыру жоспарларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көгалдандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27

Алматыда 1 мамыр күні этномәдени бірлестіктер қатысатын гастрономиялық жәрмеңке өтеді

Бүгін 18:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика