AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды

Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды

Әлеумет 29.12.2024, 21:22 1,083
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Сурет видео скрині
 

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан кейін қазақстандық құтқарушылардың батылдығын жоғары бағалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Оқиға орын алған сәттен бастап қазақстандық құтқарушылар дереу апат орнына келіп, адамдарды құлаған ұшақтан құтқаруға кірісті. Олар өз өмірлерін қатерге тікті, өйткені жарылыс болуы мүмкін еді. Ұшақтың бір бөлігі жанып жатқанда, екінші бөлігінің өртенуі қаупі болды. Бірақ соған қарамастан, олар нағыз ерлік көрсетті», – деді Әзербайжан президенті.

Сонымен қатар, ол қазақстандық медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне ерекше тоқталды.

«Жараланған жолаушылар дереу медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл үшін де Президент Тоқаевқа ризашылығымды білдірдім», – деді Ильхам Алиев.

Президент Әзербайжан халқының қазақстандық бауырлардың қолдауын ерекше бағалағанын атап өтті.

«Қазақстандық бауырларымыздың ынтымақтастығы Әзербайжан халқының жүрегінде терең із қалдырды. Қарапайым азаматтар Ақтаудағы консулдығымызға келіп, гүл шоқтарын қойып, қолдау білдірді. Бұл шынайы достық пен бауырластықтың көрінісі», – деп ерекше тоқталды.

Алиев ұшақ апаты салдарынан қаза тапқан алты қазақстандықтың отбасына көңіл айтты. Өз кезегінде, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысына көңіл білдірді.

«Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды. Бірақ мен бұл сынақтан кейін біздің достығымыз бен бауырластығымыз бұрынғыдан да нығая түскеніне сенімдімін», – деді Әзербайжан Президенті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #ұшақ #Әлиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36

Алматыда күзгі дератизация кезінде 20 мың гектардан астам аумақ дәріленді

Бүгін 16:33

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:36

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);