Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Іле мен Қапшағай жағасындағы 82 жер телімі: Бақытж...

Іле мен Қапшағай жағасындағы 82 жер телімі: Бақытжан Базарбек тексеріс жүретінін айтты

Әлеумет 06.08.2025, 12:50 865
Іле мен Қапшағай жағасындағы 82 жер телімі: Бақытжан Базарбек тексеріс жүретінін айтты
Aqshamnews.kz
Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалауында заңсыз берілген 82 жер учаскесіне қатысты тексеру тапсырмасы жолданған, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 
 
Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 
"Менің Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалауында заңсыз берілген 82 жер учаскесіне қатысты арызыма сәйкес, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы тапсырма жолдады!" - делінген жазбада. 
Бақытжан Базарбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан
 
Бұған дейін не белгілі болды?
 
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау аймағындағы 82 жер учаскесі жекеменшікке өтіп кеткенін айтқан еді. 

Депутаттың айтуынша, Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау белдеулерінде орналасқан 82 жер учаскесі жеке және заңды тұлғалардың меншігіне рәсімделіп кеткен. Ал мұндай жерлерді жекешелендіруге заңмен тыйым салынған.

Жер кодексі мен Су кодексі бойынша, су қорғау аймақтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) айналымға шығарылмауы тиіс. Бірақ ЕГКН базасында бұл учаскелер жеке меншік ретінде тіркелгені анықталды.

"Нәтижесінде қарапайым халық Капшағай су қоймасы мен Іле өзенінің арнасына еркін өте алмай отыр. Су жағалауы бетон дуалдармен қоршалған. Бұл – азаматтардың су ресурстарына еркін қол жеткізу құқығын өрескел бұзу", - деп жазды Бақытжан Базарбек.

Депутат Бас прокуратураға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне және Су ресурстары және ирригация министрлігіне ресми түрде өтініш жолдағанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бақытжан Базарбек #депутат #қапшағай #су қоймасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика