AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Іле ауданы әкімі ұсталды: Антикор іс бойынша мәлім...

Іле ауданы әкімі ұсталды: Антикор іс бойынша мәліметтерді жариялады

Әлеумет 09.10.2024, 15:08 1,535
Іле ауданы әкімі ұсталды: Антикор іс бойынша мәліметтерді жариялады
gov.kz

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың заңсыз әрекеттері аймақ экологиясына 204 миллион теңге көлемінде зиян келтірген. Бұл туралы Антикорупция агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

4 қыркүйек күні таңертең Антикор әлеуметтік желілерде тараған Іле ауданы әкімі ұсталды деген ақпаратты растады. Алматы облысы прокуратурасы әкімнің заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысқаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы күдікке ілінгенін айтты.

«Ол сенімді басқару құқығын өзіне жақын компанияға заңсыз түрде беріп, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару полигонын басқартқаны үшін күдікке ілініп отыр», – деп мәлімдеді Бигайдаров.

Тергеу мәліметінше, әкім полигонды сенімді басқару мерзімін заңсыз ұзартқан. Шенеунік өзінің қылмыстық схемасына ауданның қаржы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшыларын тартқан.

«Келісімшарт бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу міндеттемелері орындалмаған, ал компаниядан түскен табыс оның жеке байытуына бағытталған», – деп атап өтті агенттіктің ресми өкілі.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Антикорупция #әкім #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Кеше 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Кеше 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Кеше 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Кеше 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика