AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйеле...

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Алматы Кеше 22:31 145 Дина
Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Алматы облысындағы «Oi-Qaragai» тау курортында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы мен тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Екі күнге созылған жиын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Конференция тау экожүйелерін сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау, климаттық өзгерістер жағдайында табиғи кешендердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экотуризмді орнықты дамыту мәселелеріне арналды.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген ғалымдар, экологтар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мамандары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық ұйымдар мен табиғат қорғау саласының сарапшылары қатысты. Сондай-ақ Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген делегаттар да өз тәжірибелерін бөлісті.

Іле Алатауы ұлттық паркі 1996 жылы құрылған. Бүгінде оның аумағы 200 мың гектардан асады. Ұлттық парк Алматы қаласы мен Алматы облысына жақын орналасқандықтан, экологиялық әрі туристік тұрғыдан ерекше маңызға ие.

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, Іле Алатауы ұлттық паркі еліміздегі ең ірі әрі маңызды ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі саналады.

«Бұл – еліміздегі ең ірі ұлттық парктердің бірі. Мұнда бірегей флора мен фауна сақталған. Ұлттық паркте 700-ден астам адам еңбек етеді, оның ішінде 350-ге жуық мемлекеттік инспектор аумақты қорғау жұмыстарымен айналысады», – деді Нұркен Шәрбиев.

Вице-министрдің сөзінше, қазір ұлттық парк аумағындағы сирек кездесетін жануарларды бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Фотоқақпандар арқылы қар барысы, қоңыр аю және басқа да Қызыл кітапқа енген жануарлардың тіршілігі бақылауға алынып отыр.

Сондай-ақ, кейінгі 30 жыл ішінде ұлттық парк аумағында орман қорын молықтыру және қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Осы кезеңде 5 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылған. Табиғатты қорғау шараларының нәтижесінде қар барысы, қоңыр аю, тас сусары, бүркіт және басқа да сирек кездесетін жануарлар санының тұрақты өсуі байқалып отыр.

Конференцияда ерекше назар аударылған бағыттың бірі – экотуризм. Мамандардың айтуынша, туристік ағынның артуы ұлттық парктер үшін жаңа мүмкіндік қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік.

Нұркен Шәрбиев ұлттық парктерде экотуризмді дамыту табиғи ортаға зиян келтірмейтін қағидаттарға негізделуге тиіс екенін атап өтті.

«Ұлттық парктерде күрделі құрылыс салуға жол берілмейді. Экотуризм табиғатты бақылау, экологиялық соқпақтар мен маршруттарды дамыту, визит-орталықтар және жеңіл құрастырылатын шағын глэмпингтер арқылы дамуы керек. Мұндай нысандар іргетассыз, табиғи ортаға барынша аз әсер ететін форматта болуға тиіс», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, ұлттық парк аумағы бірнеше функционалдық аймаққа бөлінеді. Қорықтық аймақта кез келген шаруашылық қызметке тыйым салынады, онда тек ғылыми бақылау жүргізіледі. Ал экотуризмге рұқсат етілген аймақтарда барлық жұмыс қатаң реттелген тәртіппен жүзеге асады.

«Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Елнұр Ахметовтің айтуынша, биыл ұлттық парктің 30 жылдығына орай 30 іс-шара жоспарланған. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы – осы халықаралық конференция.

«Бұл конференцияның ерекшелігі – мұнда әлемдік және Еуразиядағы тау экожүйелерінің жағдайы, флора мен фаунаны сақтау, сондай-ақ Қазақстанда дамып келе жатқан экотуризм бағыты кеңінен талқыланып жатыр. Конференция төрт секция бойынша өтуде. Оған шетелдік ғалымдар, мамандар мен сарапшылар қатысып отыр», – деді Елнұр Ахметов.

Бас директордың айтуынша, соңғы 30 жылда ұлттық парктің туристік инфрақұрылымы айтарлықтай дамыған.

«1996 жылы ұлттық табиғи паркте небәрі төрт экосоқпақ жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 46-ға жетті. Ол кезде паркке жылына 20 мыңға жуық турист келетін, қазір бұл көрсеткіш миллионға дейін өсті. Сондықтан келушілердің қауіпсіздігі, байланыс жүйелері, техникалық қауіпсіздік, туристік соқпақтарды абаттандыру және инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелері бүгінгі конференцияда кеңінен талқыланып жатыр», – деді Елнұр Ахметов.

Конференцияның іскерлік бағдарламасы аясында ұлттық парк аумағының инвестициялық әлеуеті мен экотуризмді дамытуға бағытталған перспективалық жобалар таныстырылды. Ал ғылыми бағдарламада қазақстандық және шетелдік ғалымдар таулы аумақтардың флоралық әртүрлілігін сақтау, сирек және миграциялық жануарлар түрлерін қорғау, ұлттық парктердегі табиғатты сақтау мен экотуризмді дамыту, сондай-ақ климаттық өзгерістер жағдайындағы тау экожүйелерінің тұрақтылығы мәселелерін талқылады.

Мерейтой аясында «Болашақ ұрпаққа мұра» уақыт капсуласын орналастыру рәсімі өтті. Капсулаға табиғатты қорғау саласындағы сабақтастықты нығайтуға және бүгінгі игі істерді келер ұрпаққа жеткізуге арналған үндеулер салынып, 20 жыл мерзімге сақтауға қойылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында тікелей телемост ұйымдастырылып, ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары 30 жылдық рәміздік туды теңіз деңгейінен 3684 метр биіктіктегі Үлкен Алматы шыңына орнатты. Бұл сәт мерейтойдың символдық оқиғаларының біріне айналды.

Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдығына арналған шаралар Түрген филиалының Кузнецов шатқалында жалғасын тапты. Бағдарлама аясында академик Аймақ Жанғалиевтің ғылыми мұрасына арналған мемориалдық-ақпараттық орталық ашылды. Сонымен қатар мәдени алма сорттарының әлемге танылған арғы тегі саналатын Сиверс алмасына арналған ғылыми-танымдық соқпақ пайдалануға берілді.

Кейінгі 30 жылда ұлттық табиғи парк аумағында ондаған туристік бағыт абаттандырылып, экотуризмді дамытуға арналған инвестициялық жобалар іске асырылды. Келушілер санының тұрақты артуы Іле Алатауының Алматы маңындағы ең тартымды табиғи аумақтардың бірі екенін көрсетеді.

Мамандардың пікірінше, климаттың өзгеруі, урбанизация және туристік жүктеменің артуы жағдайында тау экожүйелерін сақтау мәселесі бұрынғыдан да өзекті. Сондықтан мұндай халықаралық конференциялар тәжірибе алмасуға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және табиғатты қорғау бағытындағы ортақ бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдық тарихы – табиғатты қорғау, ғылыми зерттеу, экотуризм және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің нақты көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Бүгін 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Бүгін 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Бүгін 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Бүгін 18:25

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);