Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ІІМ «Қазақстан» санаторийінде М.Есболатов атындағ...

ІІМ «Қазақстан» санаторийінде М.Есболатов атындағы кітапхана ашылды

Білім және ғылым 30.09.2022, 12:22 1,571
ІІМ  «Қазақстан» санаторийінде М.Есболатов атындағы  кітапхана  ашылды
Сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстан полициясының бірнеше буынына ұстаз болған аңыз адам


1 қазан – халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы «Қазақстан» санаторийінде  ІІМ Алматы академиясы басшылығының қолдауымен генерал Мақан Есболатов атындағы кітапхана ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кітапхананың ашылу салтанатына Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы және «Генералдар кеңесінің» мүшелері қатысты.


М.Есболатов атындағы кітапхананың лентасын Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А. Заппаров пен «Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамының төрағасы генерал-лейтенант Б.Сәрсеков, Алматы Академиясының бастығы полковник А.Сайтбеков қиды.  
Алматы қаласы ПД бастығы А.Заппаров пен «Қазақстан санаторийі» АҚ төрағасы Б.Сарсеков құттықтау сөз сөйледі.


ПД бастығы кітапхана қорына ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахметжановтың атынан «Тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер органдарының тарихи жолы» атты кітапты тарту етті. 



«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара біз үшін үлкен қуаныш. Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор Мақан Есболатов – Қазақстан полициясының бірнеше буынына ұстаз болған аңыз адам. Қарапайым курсанттан ішкі істер министріне дейінгі жолдан өткен Мақан Есболатовтың еңбек жолының жарқын беттері – бүгінгі полиция қызметкерлеріне өнеге. 


Сондықтан да Ішкі істер министрлігінің өзіндік тарихы бар «Қазақстан» санаторийінде генерал-майор Мақан Есболатов атындағы кітапхананың ашылуы біздің академия үшін зор мәртебе»,-деді салтанатты жиында сөз сөйлеген М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі А.Сайтбеков өз атынан кітапхана қорына генерал М.Есболатовтың еңбек жолы туралы жарық көрген  кітаптар тарту етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#санаторий #кітапхана #Есболатов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика