AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ: Бір аптада 2775 қылмыс жасалды

ІІМ: Бір аптада 2775 қылмыс жасалды

Заң мен тəртіп 27.02.2023, 05:43 1,038 Almaty-akshamy.kz. 
ІІМ: Бір аптада 2775 қылмыс жасалды
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Еліміздің аумағында жеті күн ішінде 2800-ге жуық қылмыс жасалған. 



Бір апта ішінде 2775 қылмыс жасалды, оның 1681-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 



Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмысты ізін суытпай ашқан.



Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 3 қарақшылық, 44 тонау және 378 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді министрлік өкілі.  



Сонымен қатар ведомство басшысы Маңғыстау облысына іссапармен барғаны белгілі болды. 



Министр Марат Ахметжанов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті. Маңғыстау – ежелгі өркениет пен тарихи ескерткіштер мекені. Қарт Каспийдің құшағындағы қала – Ақтау. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың 2023 жылға жоспарланған халықпен кездесуі дәл осы өңірден басталды. Негізгі мақсат – халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, өңірдегі полиция қызметкерлерінің жұмысын тексеру, Мемлекет басышының реформаларын жұртқа жеткізіп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастыру. Министр азаматтарға ең алдымен Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету концепциясы туралы айтты. Құжаттың маңыздылығына тоқталып, басты бағыттарын саралап, ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар шара барысында аймақтағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берілді. Министр жалпы қылмыстың 66%-ы облыс орталығында жасалатынын атап өтті, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 



Сондай-ақ Маңғыстауда 71 ұрлық, 1 мал ұрлығы, сондай-ақ жыл басынан бері бір ай ішінде 26 алаяқтық фактісі тіркелгені айтылды.



Өңірде әкімдік пен полицияның нәтижелі жұмысының арқасында көпшілікке үлгі болған ауылдар туралы да мағлұмат берілді. Маңғыстау ауданының Оңды ауылы мен Түпқараған ауданының Таушық ауылында қабылданған шаралардың тиімділігінің арқасында бірде-бір қылмыс орын алмаған. Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар сұрақ қойып қана қоймай, түрлі мәселе бойынша өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді, - деді ол. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #ашылды #құрықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);