AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Игі істер марафоны»: Алматы жастары қаланы бірікт...

«Игі істер марафоны»: Алматы жастары қаланы біріктіреді

Барлығы 06.03.2025, 16:40 840 dulatbekova
«Игі істер марафоны»: Алматы жастары қаланы біріктіреді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда волонтерлік қозғалысты дамытуға және қалалықтарды әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған ауқымды бастама - «Игі істер марафоны» басталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында марафонның басталуы туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері әңгімелеп берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Баспасөз конференциясында сөз сөйлеген басқарма басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Нурсултан Беккайыров Алматы әрдайым өзінің белсенді жастарымен және қамқор тұрғындарымен танымал екенін атап өтті. Қаланың еріктілер қозғалысы жыл сайын әлеуметтік көмектен бастап экологиялық бастамаларға дейінгі түрлі салаларды қамтып, өз ұстанымын нығайтып келеді.

«Бүгінде Алматыда 30-дан астам ірі еріктілер ұйымы жұмыс істейді, ал еріктілердің жалпы саны 50 000 адамнан асады. 2024 жылы еріктілер түрлі бастамаларды қолдауға бағытталған 1200-ден астам іс-шара өткізді», - деді Н.Беккайыров.

«Игі істер марафоны» Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы еріктілерінің фронт-офисімен ұйымдастырылды. Биыл марафон 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейін жалғасады, ал іс-шаралар жүйеленіп, бүкіл күнтізбелік жылға бөлінеді.

Марафон аясында маңызды күндер мен мерекелерге арналған 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Олардың ішінде «Старость в радость» сияқты іс-шаралар-қарт адамдарға бос уақыт пен қамқорлық ұйымдастыру (пансионаттардағы шығармашылық кештер), «Жүректен жүрекке» акциясы, қан тапсыру акциялары, «алғашқы көмек мектебі», эко-дармаркалар, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері және т. б.

Алғыс айту күні 13 акция («Еңбегіңіз үшін мың алғыс», «Бірлікке 30 жыл» челлендждері, «Мейірімділік көпірі», «Алғыс ағашы», «Алғыс айту қабырғасы» және т.б.) өткізілді, оған 3000-нан астам адам қатысты.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та еріктілер қозғалысын насихаттауға және жаңа қатысушыларды тартуға бағытталған кең көлемді медиакампания жүргізілуде.

Алматы еріктілері Фронт-офисінің басшысы Бағдат Анарбаева да еріктілер қызметінің маңыздылығы туралы айтып берді.

«Еріктілік - бұл жай ғана қайырымдылық емес, айналадағы әлемді өзгерту мүмкіндігі. 2024 жылы Алматы еріктілері 592 тонна гуманитарлық көмек жинады, ал 700-ден астам жас оқытылып, құнды дағдыларға ие болды», - деп атап өтті Анарбаева.

Биыл волонтерлік іс-шаралар саны арттырылып қана қоймай, білім беру бағдарламаларымен толықтырылатын болады. Еріктілер тек көмектесіп қана қоймай, өздерінің кәсіби дағдыларын дамыта алуы үшін алғашқы көмек, көшбасшылық, іс-шараларды ұйымдастыру және жобалық басқару бойынша арнайы курстар мен тренингтер іске қосылды.

Ұйымдастырушылар Алматының барлық тұрғындарын, бизнес-қауымдастықты және қоғамдық ұйымдарды қатысуға шақырады. Тіркеуден Алматы еріктілерінің Фронт-офисі арқылы өтуге болады.

«Алматы - белсенді және мақсатты адамдардың қаласы. Бірлескен күш-жігер арқылы біз мұқтаж жандарға көмектесіп қана қоймай, қаламызды одан әрі жайлы, таза әрі достық қарым-қатынаста етеміз», - деп түйіндеді марафонды ұйымдастырушылар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Игі істер марафоны #Алматы #волонтерлік қозғалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);