AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Игі бастамалар көтерілді

Игі бастамалар көтерілді

Жолдау 2023 15.09.2022, 05:46 956 Мейрамкүл ИСАЕВА, PhD докторанты
Игі бастамалар көтерілді
Сурет: 24.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құрудағы жүзеге асырылуы тиіс: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп бағдарларын атап өтті. Ел дамуындағы бұл бағдарларды жүзеге асыру үшін қажетті механизмдердің де қалыптасуына жағдай жасау қажет екенін айтты.  


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Билікте монополизацияны болдырмау және ұсынылып отырған бір мерзіммен шектелген 7 жылдық Президент өкілеттігі аталған мерзімнің жоспарланған бағдарламаны атқару үшін мейлінше жеткілікті деп тануды ұсынды. Осы ұсыныс Парламент тарапынан оң шешім қабылданған жағдайда, биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы жүзеге асатын болады.


Президент өкілеттілігінің 7 жылдық мерзімі көрші Орталық Азия мемлекеттері тәжірибесінде де кездеседі: Түркіменстан Республикасының президенттік өкілеттілік мерзімі 7 жыл, ал Өзбекстан Республикасының Конституциясында (2011 жылғы конституциялық өзгеріске дейін) президенттік мерзім 7 жылдық болатын. Қазақстан  Конституциясының 41-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының Президентi бес жылдық мерзiмге сайланатындығы, ал 42-баптың 5-тармағында «Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды» деп көрсетілген. Осы Жолдаудағы Мемлекет басшысының Президент өкілеттілігінің екі реттік сайлаудан бір мерзімдік сайлауға ауыстыру ұсынысының негізгі себебі елдегі билікте қалыптасқан моделді жаңарту және билік ауысына жағдай жасау болып табылады.


Мемлекет басшысы еліміздегі жүзеге асырылып жатқан реформалар қоғамның саяси және экономикалық жаңғыруына жол ашатынына және жаңа өзгерістердің қоғам игілігіне қызмет ететініне сенімін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #қолдау #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);