AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ядролық медицинананың онкология саласында алар орн...

Ядролық медицинананың онкология саласында алар орны зор

АЭС: Референдум 10.09.2024, 18:44 1,138 Bakyt
Ядролық медицинананың онкология саласында алар орны зор
almaty-akshamy.kz

ҚазНИИОР радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Аманқұлов ядролық медицинаның заманауи әлемде, әсіресе, онкология саласында маңызды орын алатынын атап өтті.

Жандос Аманқұловтың айтуынша, радиоактивті изотоптарды пайдалану арқылы жүргізілетін технологиялар ауруды ерте кезеңдерде анықтап қана қоймай, тиімді емдеуді де жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар сау тіндерге әсерін мейлінше азайтады.

– Ядролық медицинаның маңызды бағыттарының бірі – диагностика. Радиоизотоптық диагностика ішкі ағзалар мен тіндерді және олардың патологияларын жоғары дәлдікпен визуализациялауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тиімді емдеу әдістерін уақтылы қолданудың ықтималдығын арттырады. Мысалы, позитрондық-эмиссиялық томография компьютерлік томографиямен бірге ісіктің суретін алуға және оның метаболикалық белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, онкологияда маңызды, өйткені емдеудің сәттілігі көбінесе аурудың ерте анықталуы мен оның сатысын дәл анықтауға байланысты, – деді Жандос Аманқұлов.

ҚазНИИОР деректеріне сүйенсек, елдегі қатерлі ісік ауруларының деңгейі әр 100 мың адамға 200-ден астам жағдайды құрайды. Тек өткен жылы 44 909 жаңа жағдай тіркелген.

– Ядролық медицинаны онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуде қолдану пациенттердің болашағын айтарлықтай жақсартады. Бұл бағытты дамыту, жаңа технологияларға инвестиция салу және мамандарды даярлау өте маңызды, осылайша еліміздің әрбір азаматы жоғары сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады, – деп қорытындылады Жандос Аманқұлов.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Қазақстан #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);