AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Әлеумет 12.04.2026, 10:47 182 yakiya
ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту қызметі онлайн форматқа ауыстырылып, тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

13 сәуірден бастап Қазақстанда еңбек иммигранттарына жұмысқа рұқсат беру және оны ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет ХҚКО-ларда қолжетімсіз болып, өтінімді тек онлайн түрде беруге болады.

Жаңарту Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігін жойып, құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетті.

Енді шетел азаматтары Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін рұқсатты онлайн түрде рәсімдей немесе ұзарта алады. Пайдаланушыларға кейбір құжаттарды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Мысалы, медициналық анықтама мен сақтандыру туралы мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде тартылатын болады. Бұл өтінім беру уақытын қысқартып, қателіктердің туындау ықтималдығын азайтады.

"Бүгінде eGov.kz электрондық үкімет порталында еңбек иммигранттарына рұқсат беру қызметі бойынша барлық қажетті интеграциялар толық жүзеге асырылған. Олардың ішінде медициналық тексеруден өту, сақтандыру және салық төлемдерін автоматты түрде тексеру бар. Мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа қарқынды көшуін және олардың тәулік бойы қолжетімділігін ескере отырып, 13 сәуірден бастап бұл қызметті ХҚКО арқылы көрсету тоқтатылады. Енді өтінімдер тек egov.kz немесе migration.enbek.kz арқылы онлайн түрде қабылданады", – деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Рұқсат беру немесе оны ұзарту туралы шешімді аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі істер органдарымен келісу арқылы қабылдайды. Рұқсат еңбек иммигранттарын тартуға белгіленген квота шегінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мемлекеттік қызметті алу бойынша қосымша ақпарат eGov.kz порталында және оның әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Путин Тоқаевқа алғыс білдірді

Бүгін 15:21

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Бүгін 14:08

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Бүгін 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Бүгін 10:13

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);