AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Хоккейден Ұлттық құрама Канвон Олимпиадасының қол...

Хоккейден Ұлттық құрама Канвон Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды

Спорт 25.01.2024, 05:48 1,511
Хоккейден  Ұлттық құрама Канвон Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды

Хоккейден (3×3) Ұлттық құрама Канвон Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды.


Жүлде жолындағы матчта біздің өрендер Аустрия құрамасынан басым түсті. Есеп: 6:5  (4:1, 1:2, 1:2), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Осы тұста Қазақстан мен Аустрия бірнеше күн бұрын топтық кезеңде ойнап, аса тартысты кездесу 8:9 есебімен Еуропадан келген команданың пайдасына аяқталғанын айта кетейік.


Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына келген Ұлттық құрама: Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангир Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов.


Бәсекенің бас жүлдесі үшін біраздан соң Латвия мен Дания хоккейшілері күш сынасады. Жалпы 3×3 хоккей ойындар бағдарламасына алғаш рет қосылып отыр.


Бұл Қазақстан делегациясының қоржынына түскен 3-медаль. Осыған дейін Канвондода шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных алтыннан алқа тақса, шорт-трекші Полина Омельчук 1000 метрге жарыста үздік үштікті түйіндеді.


Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 14-сатыға көтерілді.


Азия құрлығында алғаш рет өтіп жатқан кешенді жарыс қазірдің өзінде Қазақстан үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Осыған дейінгі ойындарда отандастарымыз чемпион атанбаған еді. Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хоккей #Канвон #Қола медаль #3-орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);