AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ХІХ жазғы Азия ойындары. Жарыс нәтижесі

ХІХ жазғы Азия ойындары. Жарыс нәтижесі

Спорт 29.09.2023, 06:49 1,455 Almaty-akshamy.kz. 
ХІХ жазғы Азия ойындары. Жарыс нәтижесі
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Кеше Азия ойындарында Қазақстан командасы екі алтын, бір күміс және алты қола медаль жеңіп алды.


Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсеткен Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбының жұлдызы жарқырады. Финалда Кувейт спортшыларынан бәсі биік болып, алтыннан алқа тақты. Ал 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухараға тең келетін ешкім болған жоқ. Сөйтіп, алтын алқаға қол жеткізді. Ал 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) 2-орынға ие болып, күміс медальді місе тұтты.


Жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қола медаль үшін матчта Иран командасын жеңді, есеп 2:0 (25:23, 30:28).


Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге ие болды. Отандасымыз 15.100 ұпай жинады.


Ал 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қоланы қанағат тұтты. Бұл спортшының осы Азия ойындарындағы екінші қола медалі. Ол 100 метр қашықтықтағы осы әдіс бойынша да қолаға қол жеткізген болатын.


Таэквондодан ұлттық құраманың спортшылары Дениз Жансель (+67 кг) және Смайыл Дүйсебай (+80 кг) Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанса, семсерлесуден ерлер құрамасы (Мұхамедали Рахманәлі, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Артем Саркисян) командалық жарыста үштіктер қатарынан көрініп, қоланы қолқа тұтты.


Асланбек Шымбергенов қытайлық қарсыласын жеңіп, бокстан жарыстың келесі кезеңіне өтті. 5x5 баскетболда Қазақстанның ерлер командасы БАӘ құрамасын 59:49 есебімен жеңіске жетсе, 3x3 баскетболда Таиландтық қарсыластарын 19:16 есебімен жеңді.


Кирилл Герасименко үстел теннисінен 1/8 финалда вьетнамдық спортшыны 4-0 есебімен сенімді түрде жеңді. Су добынан әйелдер құрамасы да нәтижелі ойын көрсетіп, Оңтүстік Кореялық қарсыластарын 24:4 есебімен жеңді.


5-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 16 қола жүлде бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Азия ойындары #Алтын медаль #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);