Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына...

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына - 20 жыл

Әлеумет 13.11.2025, 11:26 405
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына - 20 жыл
Cурет: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

2025 жылғы 12 қараша күні Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл атаулы күн – мемлекеттік қызмет саласын арттыру, халықтың өмірін жеңілдету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері үшін ерекше мереке.

Салтанатты жиынға Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшесі, мемлекеттік органдардың өкілдері, сала ардагерлері, корпорация қызметкерлері және серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мерейтой барысында азаматтарға сапалы, әрі қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп келе жатқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жыл ішіндегі жетістіктері мен даму кезеңдері атап өтілді.

Ел сенімін ақтап, адал қызмет еткен, корпорацияның алғашқы күнінен бастап бірге келе жатқан азаматтар мен ардагер тұлғаларға ерекше ықылас білдірілді. Еңбегі еленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен төсбелгілер табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Мерейтойлық шарада қатысушылар өткен жылдардағы жетістіктерге көз жүгіртіп, халыққа сапалы қызмет көрсетудің жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

Айта кету керек, осыдан жиырма жыл бұрын 5 қызмет түрін көрсетуден бастаған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, қазіргі таңда тұрғындарға 1300 ден астам қызмет түрін ұсынып отыр.

 «Біздің басты мақсатымыз – халыққа сапалы, әділ, әрі қолжетімді қызмет көрсету. Бұл 20 жыл – қажырлы еңбектің, жауапкершілік пен адалдықтың тарихы», - деді Алматы облысы бойынша филиал директоры Талғат Бектұрсынұлы өз сөзінде.

Мерекелік іс – шара концерттік бағдарламаға ұласып, жылы лебіздер мен шынайы ризашылыққа толы сәттермен аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халыққа қызмет көрсеті #20 жылдық мерейтой #жетістік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика