AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халықаралық сарапшы Қазақстанның су саласын цифрла...

Халықаралық сарапшы Қазақстанның су саласын цифрландырудағы жұмысын жоғары бағалады

Әлеумет 22.12.2025, 08:50 591 dulatbekova
Халықаралық сарапшы Қазақстанның су саласын цифрландырудағы жұмысын жоғары бағалады
Сурет: Gov.kz

БҰҰ Даму бағдарламасының су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық кеңесшісі Хьюберт Лор Қазақстанның су саласын цифрландыру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Сарапшы, әсіресе, елімізде су ресурстарын басқаруды жаңғырту қарқынын атап өтті.

«Мұнда көріп отырған үдерістерді Германиямен және жалпы Еуропамен тікелей салыстыратын болсақ, Еуропада мұндай жұмыстар екі есе көп уақыт алады. Біріншіден, бұл – заңнамалық рәсімдерге байланысты. Дегенмен, әдетте, барлық қатысушы арасындағы үйлестіру және келісім процесі әлдеқайда ұзаққа созылады. Қазақстанның су ресурстарын басқаруға цифрлық технологияларды енгізуге қаншалықты ынталы екені мені таңғалдырды әрі ерекше әсер қалдырды. Бұл үшін қолайлы орта қалыптасқан. Су ресурстары және ирригация министрлігі, министр, вице-министрлер мен департаменттер бір бағытта жұмыс істеп, ортақ мақсаттарды көздеп отыр», – деді БҰҰ Даму бағдарламасының су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық кеңесшісі.

Қазіргі таңда Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Сонымен қатар суармалы суды жеткізу бойынша электронды келісімшарттар жасау жүйесі пилоттық режимде сынақтан өткізіліп, өзен ағысын модельдеу және болжау жүйелерінің қамту аясы кеңейтіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су саласы #цифрландыру #жоғары баға #шетелдік сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Кеше 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Кеше 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Кеше 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Кеше 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);