конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Халықаралық байқауларда жеңіске жеткен оқушылар ме...

Халықаралық байқауларда жеңіске жеткен оқушылар мен ұстаздарына ақшалай сыйақы беріледі

Білім және ғылым 24.09.2025, 16:50 634 dulatbekova
Халықаралық байқауларда жеңіске жеткен оқушылар мен ұстаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Cурет: Қазақстандық қоғамдық даму институты

Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар екінші оқылымда қабылданды.

Аталған заң жобасы 2025 жылғы 26 ақпанда бірінші оқылымнан өткен болатын, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жаңа заң нормаларына сәйкес, халықаралық ғылыми жоба байқауларында жүлделі орын алған мектеп оқушыларына бір реттік ақшалай төлемақы беріледі. Сонымен қатар, осы оқушыларды дайындаған педагогтерге де қаржылай өтемақы қарастырылған.

Бұл бастама еліміздің білім саласындағы дарынды балалар мен олардың тәлімгерлерін ынталандыруға бағытталған.

Әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған

Сонымен қатар, заң жобасында мүгедек баланы тәрбиелеп отырған немесе І топтағы мүгедек адамды күтетін жоғары оқу орны түлектерін мемлекеттік білім беру грантын өтеуден босату ұсынылады.

Сондай-ақ, шетелдік ЖОО-ларда резидентура, магистратура, аспирантура немесе докторантурада оқыған азаматтарға грантты өтеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі. Бұл – білім алушылардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып қабылданып отырған қолдау шарасы.

Жаңа түзетулер еліміздегі білім беру жүйесін дамытуға, дарынды жастарды қолдауға және әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халықаралық байқаулар #оқушылар #ұстаздар #сыйақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

Бүгін 13:37

Алматыда жаңа Конституцияның ел мен қала дамуына қосар үлесі талқыланды

Бүгін 12:26

Respublica партиясы: Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры

Бүгін 12:11

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);