AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыда мерекелік...

Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыда мерекелік концерт өтті

Мәдениет 06.03.2022, 14:00 3,066
Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыда мерекелік концерт өтті
Cурет: Massaget.kz

Аталмыш бағдарламаны Алматының мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр



Шуақты көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай Республика сарайының төрінде мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Қаланың құрметті тұрғындары мен еңбек ардагерлері, түрлі саланың бетке ұстар қыз-келіншектері қонақ болған кеште әсем ән шырқалып, көпшілікке көңіл күй сыйлады.



«Неше жылдан бері бір-бірімізді көре алмай зарығып кеттік. Аман-есен осылай еліммен жүздескеніме сондай қуаныштымын. Құдайға, халқыма ризашылығымды білдіремін. Бұл мерекенің орны бөлек. Өйткені ана деген сөз ана қандай қымбат болса бүгінгі мереке сондай қымбат», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман



Концерттік бағдарламаның шымылдығы әйелдер қауымына арнайы дайындалған музыкалық нөмірмен басталды. Зарина Алтынбаева, Нұрболат Абдуллин, Алишер Каримов пен «Жігіттер» квартеті және басқа да елге танымал әншілер өнер көрсеткен кештің көпшілікке ерекше әсер қалдырғаны да айқын.



«Мереке құтты болсын. Тәуелсіздігіміз күн сөнгенше сөнбесін. Осы халқыма сіңген еңбегімді ел басшылары бағалады, 25 медалім бар. Рахмет! Мереке мерекеге ұлассын», - деді қоғам қайраткері Дәрия Сарқытбаева.



Алда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жақындап келеді. Ал қала тұрғындары мен қонақтары бұл айрықша мерекені тойлауды бастап кетті. Бұған бүгінгі әсем, әдемі кеш дәлел. Айта кету керек, концерт Роза Рымбаеваның орындауындағы «Көктем шақырады» әнімен аяқталды.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #ана #мереке #Концерт #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);