AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халық санағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі...

Халық санағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі 

Әлеумет 22.09.2021, 04:46 1,196
Халық санағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі 
almaty-akshamy.kz

Қазақстандағы 2021 жылғы ұлттық халық санақ нәтижелері ел тарихындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады



Бұл пікірді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықова айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Оның пікірінше, санақ қорытындысы бойынша, елде халықтың пандемиядан қалай өтіп жатқанын, он жылдан кейін өмір салты қалай өзгергенін білуге болады. Айгүл Қалықова халық санағы ең алдымен ел тұрғындарының жасы, жынысы, ұлты, білімі бойынша нақты сандық және сапалық құрамын білу үшін қажет деген пікірде. 



«Біз өмір сүру жағдайын, жұмыспен қамту деңгейі мен құрылымын біле аламыз, бірақ бұған жету үшін әрбір тұрғынға жетуіміз керек және барлық адамдар санаққа қатысуы керек. Санақтың слоганы: «Қазақстанда әр адам маңызды!», - деді Айгүл Қалықова. 
 
Санақ нәтижелері көптеген мәселелерді шешуге және мемлекетке жоспар құруға көмектеседі. Сонымен қатар, санақ Алматы үшін мегаполис ретінде өте маңызды. Жасыратыны жоқ, қалада тұратындардың көпшілігінің ресми тіркеуі жоқ. 


«Бұл жағдай дәстүрлі түрде еңбек мигранттары мен олардың отбасыларын қызықтыратын орын болып табылатын барлық ірі қалаларда дамып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға үлкен жүктеме бар. Мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Ал халықтың қажеттілігі туралы нақты деректер болмаса, қалай есептеуге болады? Біз барлығымыз балаларымыз бен немерелеріміздің заманауи балабақшаға, екі-үш емес, бір ауысымда білім алатын мектепке бару мүмкіндігін алғымыз келеді. Біз бәріміз сапалы медициналық қызмет алғымыз келеді. Мемлекет мұны тұрғындарды есепке алмай, белгілі бір елді мекенде тұратын адамдардың нақты санын білмей, өз халқына осыны қамтамасыз ету мүмкін емес», - деді Айгүл Қалықова. 



Санақ деректері мәліметтер базасында көрсетілмеген, құжаттары жоқ азаматтарды санауға көмектеседі. Бұлар мемлекеттен көмек алмайды. 
 
Сөзін қорытындылаған Алматының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қала тұрғындарын санақ кезінде белсенділік танытуға және жеке мәліметтер үшін алаңдамауға шақырды, өйткені заң олардың сақталуына тиісті кепілдік береді. 



«Біз барлығымыз халық санағы тез әрі сапалы өтсе, онда өзекті мәселелердің шұғыл шешілетінін түсінуіміз керек. Өйткені, кез келген мәселені шешудің алғашқы қадамы – оның нақты тұжырымы», - деді Айгүл Қалықова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #халық #санақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Кеше 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Кеше 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);