AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халық санағы аясында нақтылау жұмыстары басталды

Халық санағы аясында нақтылау жұмыстары басталды

Әлеумет 01.11.2021, 10:09 1,400
Халық санағы аясында нақтылау жұмыстары басталды
inbusiness.kz

Елімізде 1 қарашадан бастап Халық санағы аясында нақтылау шаралары басталды. Бұл жұмыс 8 қарашаға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Халықты толық есепке алуды және 2021 жылғы халық санағын жүргізу кезінде деректер сапасының анықтығын тексеруді қамтамасыз ету бақылау іс-шаралары жүргізіледі.  Бақылау функциясы әрбір тұрғын үйге интервьюер барғанына және санақ парақтарының барлық тұратын респонденттерге толтырылғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.


Нұсқаушы-бақылаушылар интервьюерлермен бірге халық санағы аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде әрбір есеп учаскесіндегі тұрғын жайлардың 10 процентін қамти отырып, респонденттерге бақылап, аралап шығу жүргізеді. 1 қарашадағы жағдай бойынша елде 19 450 179 адам немесе 102,2% (1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 19 029 507-ні құраған) санақпен қамтылды.


Естеріңізге сала кетейік, шара аясында елімізде тұрақты тұрып жатқандардан өзге 12 айдан аса уақытқа шетелге іссапармен шыққандар (шетелдегі дипломатиялық корпус пен ҚР өкілдігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері), келісімшарт негізінде бір жылдан кем уақытқа басқа елге кеткен отандастарымыз, өзге мемлекетте «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттер, уақытша шетелге шыққан туристер, уақытша (12 айдан аз) елімізде жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар санақтан өтуде.



Халық санағын өткізу әдістемесіне сәйкес, сауалнама аяқталған соң нақты және тұрғылықты халық саны бойынша ақпарат алынатын болады. Бұл санаттар нені білдіреді ? «Нақты халық» дегеніміз, санақ өткізу кезіндегі белгілі бір елді мекендегі адамдардың санын білдіреді.



Бұл санатқа тұрғылықты тұрғындармен қатар, уақытша келгендер мен резидент емес тұлғалар жатқызылады. Яғни, мұнда елді мекенге қонаққа, демалуға, жұмыс бабымен және т.б. мақсатта, сондай-ақ, елде уақытша жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар қамтылады.



«Тұрғылықты халық» деген санатта елді мекенде тұрақты тұрып жүргендермен қатар, уақытша басқа жаққа шығып кеткен азаматтар қамтылады. Олардың қатарына басқа елді мекенге немесе шетелге туыстарына, еңбек демалысына, жұмыс бабымен немесе басқа да себептермен уақытша кеткендер кіреді. Санақтан онлайн өту мүмкіндігі де 8 қарашаға дейін қолжетімді екенін атап өткіміз келеді.



Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған. 2021 жылғы халық санағының ұраны - «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #санақ #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);