Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Халық қатысатын бюджет» қарқын алуда

«Халық қатысатын бюджет» қарқын алуда

Әлеумет 16.09.2024, 15:58 820
«Халық қатысатын бюджет» қарқын алуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

9 қыркүйектен бері ХҚБ-ке қанша жоба ұсынылды

«Халық қатысатын бюджет» қалалық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау 9 қыркүйекте басталды. Бір апта ішінде budget.open-almaty.kz сайтына тұрғындардан 248 өтініш келіп түскен. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 151 ұсыныс түскен, деп хабарлайды  aqshamnews.kz

Ең көп өтінім Алматы қаласының Наурызбай ауданында берілген – 159 жоба. Екінші орында Түрксіб ауданы – 26 ұсыныс.
Көбінесе қала тұрғындары балалар және спорт алаңдарын орнату және ағымдық жөндеу, аулаларды жасылдандыру, сондай-ақ қоғамдық аумақтарды жарықтандыру жобаларын ұсынады.

2025 жылы « Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша идеяларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін budget.open-almaty.kz порталына өтінім беру қажет. Барлық кәмелетке толған тұрғындар бюджет қаражаты есебінен қаланың аулаларын, көшелері мен аумақтарын абаттандыру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Байқау 8 кезеңнен тұрады: өтінімдерді қабылдау, сараптамалық бағалау, авторлардың жобаларды пысықтауы, пысықталған ұсыныстарды қарау, дауыс беру, дауыс беру қорытындыларын шығару, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іске асыру.

Өтініштерде жобаның атауы мен сипаттамасы, орналасқан жерінің мекен-жайы, болжалды фотосуреттер, сызба немесе эскиз, жобалық ұсыныстың сметасы болуы керек. Бір өтініш 92,3 млн теңгеден (25 мың АЕК) аспауы керек.

Жобалар келесі санаттар бойынша қабылданады: жасылдандыру, тротуарларды жайластыру, тротуарларды, пандустарды, суару арықтарын салу және жөндеу, қоғамдық аумақтарды құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрлерді, брусчаткаларды, тірек қабырғаларды жөндеу, қоқыс алаңдарын жою, қоғамдық орындарда беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, балалар ойындары мен ересектердің демалуына арналған құрал-жабдықтарды жөндеу, аула аумақтарында және қоғамдық орындарда спорт алаңдарын, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру, санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету.

Ережелер туралы толығырақ budget.open-almaty.kz интернет-порталынан оқыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #бюджет #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика