конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Хайуанаттар бағындағы қасқыр кішкентай қызды тісте...

Хайуанаттар бағындағы қасқыр кішкентай қызды тістеп алды

Оқиға 15.03.2023, 20:33 1,266
Хайуанаттар бағындағы қасқыр кішкентай қызды тістеп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Қыз саусағын тордан өткізген


Өскемендегі хайуанаттар бағында қасқыр баланы тістеп алды. Полицейлер зардап шеккен қыздың ата-анасына сотқа жүгінуге кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Жәбірленушінің ата-анасы полицияға хабарласқан. Олар хайуанаттар бағындағы қауіпсіздік шараларын күшейту керек деп есептейді.



"Өскемен қаласының Сол жағалау полиция бөліміне 34 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласын қасқыр тістеп алған хайуанаттар бағының қызметкерлеріне шағымы барын айтып, арызданды", - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.



Полиция мәліметінше, 11 наурызда кәмелетке толмаған бала хайуанаттар бағы орналасқан қалалық саябақта анасымен бірге серуендеп жүріп, қасқырлар тұрған қоршауға жақындап жыртқышты сипамақ болған. Қыз саусағын тордан өткізгенде қасқыр тістеп алған.



"Айта кететін жайт, саябақтың ішкі ережесі бойынша, мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кейбір әрекеттерге тыйым салу туралы ескертулері бар алдын ала әзірленген маңдайшалар ілінген: оның ішінде жануардың торына шықпау, оның торына қол кіргізбеу бар. Осы ережелерді сақтамау салдарынан осындай оқиға болған", - деді ШҚО ПД өкілдері.



Полицейлер бұл жағдайда қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы байқалмайтынын атап өтті.


"Осыған байланысты арызданушыға сотқа жеке жүгіну ұсынылды", - деді полиция өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хайуанаттар бағы #қасқыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 17 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды

Бүгін 12:33

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді: төрт компания лицензиясынан айырылды, тағы 350 компания лицензиясының қолданылуы тоқтатылды

Бүгін 12:26

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі аясында Jas Vibe акциясы басталды

Бүгін 11:19

Алматыдағы «Батыс қақпасы» және «Шығыс қақпасы» жобалары: жаңа жолдар мен инженерлік инфрақұрылымның құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін 11:16

Қазақстанға келетін шетелдіктерге электрондық рұқсат беріледі

Бүгін 10:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);