Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылымға серпін берген онкүндік

Ғылымға серпін берген онкүндік

Білім және ғылым Кеше 16:16 23
Ғылымға серпін берген онкүндік
Абай университеті

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі» тақырыбындағы Ғылым декадасының салтанатты ашылуы кең көлемде өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ғылым декадасы ғалымдар мен ғылыми қауымдастық үшін ерекше мәнге ие, зияткерлік әлеуетті арттыратын, ғылыми ой-пікірлер еркін алмасатын маңызды алаң. Бұл озық идеялар мен тың бастамалар тоғысатын, ғылым мен білімнің өзара байланысын нығайтатын дәстүрлі іс-шара.

Биылғы декаданың басты ерекшелігі – оның республикалық деңгейде ұйымдастырылуы. Осыған орай еліміздің бірқатар жетекші мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, Қазақстанның әр өңірінен 40-тан астам дарынды оқушы шақырылды. Олар өз ғылыми жобаларын ұсынып, университеттің ғылыми ортасымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Бұл бастама жас зерттеушілерді қолдауға, олардың ғылыми ізденістерін ынталандыруға бағытталған маңызды қадам.

Салтанатты ашылу аясында «Мектеп – ЖОО: Ғылыми жобалар және білім көрмесі» атты ғылыми-білім беру көрмесі, сондай-ақ инновациялық жобалар мен стартаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Абай университетінің студенттерімен қатар «НЗМ» ЖМБ Алматы-Наурызбай, «SDL School» мектеп-интернаты, мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, «Нұрорда» мектебі (Алматы), Ақмола облысы Бурабай ауданының №9 мектеп-гимназиясы және Түркістан облысындағы Жандосов атындағы орта мектеп оқушыларының ғылыми жобалары таныстырылды.

Ұсынылған жобалар экология және тұрақты даму, жаңартылатын энергия көздері, инженерлік және технологиялық инновациялар, STEM бағытындағы зерттеулер сияқты өзекті салаларды қамтыды. Бұл жұмыстар жас ұрпақтың ғылыми ойлау қабілетінің жоғары деңгейін және олардың заманауи сын-қатерлерге бейімделу әлеуетін айқын көрсетті.

Дәстүрлі түрде өткізілетін Ғылым декадасы білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға және мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл алаң ғылыми қауымдастық өкілдері арасында тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер орнатуға кең мүмкіндік береді.

1-10 сәуір аралығында өтетін Ғылым декадасы биыл цифрландыру мен жасанды интеллект тақырыптарына арналды. Онкүндік аясында 150-ден астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында халықаралық ғылыми конференциялар, инновациялық жобалар мен стартаптар көрмесі, TOP-time және Science & Research time форматындағы дәрістер, робототехника жарыстары, танымдық экспедициялар, пәндік олимпиадалар, көрнекті ғалымдармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, танымдық саяхаттар, конгрестер және интеллектуалдық ойындар бар.

Бұл іс-шаралар білім алушылардың ғылыми қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және әлеуметтік тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді. Осындай ғылыми ортада қалыптасқан тәжірибе жас буынның кәсіби қалыптасуына берік негіз қалайды.

Абай университеті ғасырлық тарихы бар, білім мен ғылымның озық дәстүрлерін сақтап, оны заманауи талаптармен ұштастырып келе жатқан жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет ұжымы ғылым мен білімнің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше жауапкершілік жүктейді.

Осындай ауқымды ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру – бәсекеге қабілетті, білімді, жаңашыл ойлайтын болашақ педагогтар мен ғалымдарды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Ғылым декадасы тек ғылыми жетістіктерді таныстыру алаңы ғана емес, сонымен қатар жас буынның кәсіби бағдарын айқындауға, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді платформа.

Ғылым мен білімнің тоғысында қалыптасатын мұндай бастамалар елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, болашаққа деген сенімді нығайтады.

Инновациялық дамыту және ғылыми кадрларды даярлау департаменті директоры Г.А.Баймбетова    

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика