AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылымдағы жаңа серпін

Ғылымдағы жаңа серпін

Білім және ғылым Бүгін 12:36 52 Bakyt
Ғылымдағы жаңа серпін
ҚАЗТУҒАНОВА Айнұр

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мәжіліс залында «Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: ортақ мүдделер мен ерекшеліктер» атты ғылыми-интеграциялық форум өтті. Екі елдің ғылыми қауымдастығы өкілдерінің басын қосқан маңызды жиын қазақ-қырғыз ғылыми байланыстарының бүгінгі жай-күйін саралап, болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға арналды.

Форумды ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев ашып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми әріптестіктің стратегиялық маңызына тоқталды. Ол ғылымның өңірлік дамудағы рөліне назар аударып, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

Жиынның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов, Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Женишбек Асанкулович Асанкулов және Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Бекмамат Мурзакматович Дженбаев құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы ғылыми байланыстардың одан әрі дамуына тілектестіктерін білдірді.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қырғыз Республикасы Президентіне қарасты Ұлттық ғылымдар академиясы арасында «Дала өркениетін зерттеу» жөніндегі халықаралық консорциум құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Бұл бастама түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеуге және ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Пленарлық отырыста ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының директоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Думан Құрманғазиевич Жекенов, «Mura» интеллектуалдық мектебінің негізін қалаушы, PhD, тарихшы Алмас Тоқсанбай, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығының басшысы, PhD Жеңісбек Мұратбекұлы Төлен, «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық департаментінің басшысы Гүлнаш Асхат, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, PhD Әсел Қожахметқызы Назарбетова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доцент м.а. Жан Дүйсенбекұлы Көшербаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры Сания Моряковна Нұрдәулетова және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, PhD Салтанат Төлеуқызы Джакубаева баяндама жасап, қазақ-қырғыз ғылыми байланыстарының түрлі қырларына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Баяндамалар барысында қазақ-қырғыз дипломатиялық байланыстарының тарихы мен дамуы, көшпелі өркениет мұрасы, өңірлік қауіпсіздік, көші-қон, білім беру, энергетика және көлік-транзит салаларындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту, білім мен ғылым саласындағы серіктестікті тереңдету және ортақ тарихи-мәдени мұраны бірлесе зерттеу бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.

Форум барысында ұсынылған баяндамаларға қатысты Қырғызстаннан келген сарапшылар өз пікірлерін білдіріп, ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстарға қатысты көзқарастарын ортаға салды. Қырғызстаннан келген жетекші ғалымдар мен сарапшылар пікір білдіріп, ғылыми ынтымақтастықтың өзекті бағыттары жөнінде ұсыныстарын айтты. Қырғызстаннан келген сарапшылар қатарында философия ғылымдарының докторы, профессор, «Ала-Тоо» халықаралық университетінің өкілі Мариям Миталиповна Эдилова, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Президентіне қарасты Ж.Әбдірахманов атындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру бөлімінің меңгерушісі Асыл Бақытбекқызы Болпонова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Тарих және өңіртану институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Назира Керимбекқызы Момошева, саяси ғылымдарының докторы, Орталық Азиядағы Америкалық университеттің қауымдастырылған профессоры Жылдыз Талантбекқызы Нишарапова, саяси ғылымдарының кандидаты, аталған университеттің халықаралық және салыстырмалы саясаттану кафедрасының доценті Наргиза Мураталиева, экономика ғылымдарының докторы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Жоғары экономика мектебінің профессоры Салтанат Қайырқызы Омурова, энергетика және ирригация саласының сарапшысы Марат Турсунбекұлы Мусуралиев және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы халықаралық бөлімінің бас маманы Қанышай Нұрланқызы Аскарбекова болды.

Сондай-ақ форумға жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты.

Осылайша, қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығына арналған форум екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, жаңа зерттеу жобалары мен тың бастамалардың бастауына айналды. Ғалымдар мен сарапшылардың ашық пікір алмасуы ортақ ғылыми кеңістікті дамытуға жол ашып, халықаралық әріптестікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін айқындады. Форумда көтерілген ұсыныстар мен жас ғалымдардың бастамалары болашақта ғылымның жаңа бағыттарының қалыптасуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Айнұр ҚАЗТУҒАНОВА, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #қырғыз #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

Бүгін 11:46

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Бүгін 11:07

Еуропада әріптесіміздің көрмесі өтеді

Кеше 19:59

Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы

Кеше 19:23

Алматыда Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды

Кеше 18:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);