Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ғылымдағы сенсациялық жаңалық!

Ғылымдағы сенсациялық жаңалық!

АЭС: Референдум 21.04.2023, 10:06 1,793
Ғылымдағы сенсациялық жаңалық!
Итартас

Жапонияны осыдан кейін қалай құрметтемейсің!?

 

Жапонияда жер қозғалғанда өздігінен көтеріліп кететін үйлер салынып жатыр.

 

Жапонияның инженер-архитекторлары сейсмикалық аймақтарда үй салудың жаңа моделдеріне көшті. Мұндай ұлы инженерлік-архитектуралық шешім жапондық мамандардың ойына Фукусима АЭС-і жарылғаннан кейін келген. Осыдан біраз уақыт бұрын Жапонияның Хонсю аралында Фукусима АЭС-і жарылып, мыңдаған адам қырылып, 130 миллиард доллар шығынға батқан болатын.

 

Міне, сол тарихи апаттан кейін жапон ғалымдары осындай ұлы идеяларды іске асырып отыр.  Елдегі "Air Danshin" компаниясының ғалымдары мен мамандары жер қозғалғанда аспанға көтеріліп кететін үйдің конструкциясын жасап шықты. Үйдің төменгі фундаментіне сенсорлық құрылғылар қойылған. Бұл төмен орналасқан құрылғылар жер қозғалған уақытта толқындардың жиілігін фиксациялап, жоғары жүйелерге сигналдар жіберіп, жердің қозғалып жатқанынан хабардар етеді. Дәл осы сәтте сигналдардың жиілігін қабылдаған қуатты компрессорлар ғимарат пен фундамент арасындағы жаймаға (подушка) үлкен күшпен ауаны жібереді. Бұл процесс небәрі 5-7 секундтың ішінде ғана іске асады. Себебі, ғимарат қирап қалмау үшін процестің орындалуын мамандар осылай тез жетілдіріп, қамтамасыз еткен.

 

Қуатты компрессормен үрленген подушка (кешіріңіз, орысшасын айтуға тура келді) немесе жайма 5-7 секундтың ішінде 4-5 см биікке ғимаратты жоғары көтеріп жібереді. Осының өзі ғимаратты қираудан, адамдардың өмірін сақтап қалуға толық жеткілікті болады. Подушка ауаны жеткілікті көлемді қабылдап, компенсациялап, ғимаратты жердің сілкінісі тоқтағанша ауада көтеріп тұрады. Подушкамен бірге ғимараттың өзі де жердің тербеліс амплитудасымен бірге ауада қозғалып тұра береді. Бұл ғылыми өнертабыс ғимараттарды 7-9 балдық жер сілкіністерінен де қорғап қала алады. Бұл деген ғылымдағы сенсация емес пе?

 

Жер сілкінісіндегі қауіптің барлығы тілшелерде жазылып, ғимараттың ауада қалай қалқып тұрғаны компьютерлерде көрсетіліп тұрады. Дәл қазір Жапонияда 9000 үйге осы құрылғылар қабылданып, жер сілкінгенде қауіпсіздік шаралары іске асып жатыр. Бұл технология қымбат болғанымен, жер сілкінісі өте жиі қайталанатын Жапония үшін таптырмас инженерлік шешім болды деп санайды жапониялықтар.

 

Ал, біздің елде бір ғана білім саласының бухгалтері  осындай 100 үй салатын қаражатты құлқынынан өткізе алмай, ұсталып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #Сенсация #Жапония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика