Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылым – ұлт дамуының тірегі

Ғылым – ұлт дамуының тірегі

Білім және ғылым 12.04.2025, 20:26 744
Ғылым – ұлт дамуының тірегі
Almaty-akshamy.kz

12 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым айы – 2025» іс-шарасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Өксікбаев Омархан Нұртайұлы және университеттің басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанай ғылыми қауымдастықты кәсіби мерекемен құттықтады.

«Ғалымдар – бұл әлемдегі инновацияның, ілгері дамудың және жаңарудың шыңында тұратын тұлғалар. Жаңалық ашушы, елдің өсіп-өркендеуіне, жаңа технологиялардың дамуына бастау беруші – ғалымдардың еңбегі. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін ғалымдар ордасы десем, артық айтқаным емес. Себебі бұл білім ордасында әр саланың ғалымдары ғылымға бет бұрып, өмірлерін осы жолға арнаған. Олар өз еңбектерін ғылымды дамытуға бағыттаған. Университеттің Директорлар кеңесі мен Басқармасы да бұл салада аянбай еңбек етуде. Бүгінде университет қабырғасында заманауи зертханалар ашылып, ғалымдарға ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер жасалды. Ғалымдарымыздың елдің өркендеуіне өз үлестерін қосып, артылған үмітті ақтайтынына сенімдімін», – деді директорлар кеңесінің төрағасы Омархан Өксікбаев.

Іс-шара барысында университеттің ғылыми жетістіктері таныстырылып, студенттер ғылыми эксперименттер мен ғылыми жұмыстар көрмесін ұсынды. Сонымен қатар ғылымға елеулі үлес қосқан үздік ғалымдар Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгісімен, Ахмет Байтұрсынұлы төсбелгісімен, Ғылым үздігі құрмет дипломымен, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ғылыми шараның қадірлі қонағы ретінде арнайы шақырылған физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы ғылымның дамуы ел болашағы үшін аса маңызды екенін баса айтып, жас ғалымдардың бастамаларына зор сенім білдірді. Ол студенттердің ғылыми жобаларын жоғары бағалап, олардың ізденісі мен ғылымға деген құлшынысының қуантарлық екенін ерекше атап өтті.

«Бүгінгі күннің маңызы зор. Университет қабырғасында ауыз толтырып айтарлықтай игі істер атқарылып жатқанын көріп қуандым. Студенттердің шара аясында ұсынған ғылыми жобаларымен таныстым. Жастардың ғылымға деген құлшынысы мені ерекше қуантып отыр. Алдағы уақытта Ғылым академиясы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлесе жұмыс істейді деген үмітім зор. Қазақ ғылымы өркендей берсін! Мереке құтты болсын!» – деді Асқар Жұмаділдаев.

Бұл шара ғылым мен білім саласының дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға деген құрмет пен ықыластың айқын көрінісі болды. Университет басшылығы алдағы уақытта да ғылыми зерттеулер мен жаңа идеялар арқылы еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатын мамандарды тәрбиелеуге дайын екендігін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #ғалым #зерттеу #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55

«Ауыл» партиясының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалында кездесу өтті

Бүгін 09:33

Такси жүргізушілері жолаушыларға сақтандыру сатып алуға міндеттелді

Бүгін 09:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика