Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылым саласындағы нәзік жандылар марапатталды

Ғылым саласындағы нәзік жандылар марапатталды

Білім және ғылым 06.03.2025, 13:03 965
Ғылым саласындағы нәзік жандылар марапатталды
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы  марапатты салтанатты түрде  табыстау рәсімін өткізді.


Атаулы іс-шараға 400-ге жуық отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Найля Оразғұлқызы Базанова (1911-1993) - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, биология ғылымының жаңа саласының - ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясының негізін қалаушы. Ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы (1945), профессор (1946), Қазақ КСР ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946).

Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеуші мамандар арасындағы әйелдер саны 12 мыңға жуық. Бұл жалпы ғалымдар санының 55,6%.

Ғылыми дәреже қорғаған аруларымыздың қатары жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, биыл әйел арасында ғылым докторлары – 848-ге жетті, ғылым кандидаттары – 2 872-ге, PhD докторлар – 1 806-ға жетті.

Біздің деректеріміз бойынша, 2024 жылы қазақстандық әйелдер Web of Science және Scopus журналдарында 3100-ден астам мақала жариялады, оның ішінде 1400-ден астамы – бірінші автор ретінде көрінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. 2024 жылы Web of Science бірінші квартиліндегі ең беделді журналдарда қазақстандық ғалым әйелдеріміз жариялаған мақалалар саны 500-ден асты.

Тұңғыш отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы  марапатпен 48 отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары, ғылымның әртүрлі бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен, жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды. Марапатқа лайықты үміткерлер университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары ұжымдарының ұсыныстары бойынша анықталды.

ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА Президенті А.Қ. Күрішбаевтің Халықаралық әйелдер күніне орай үздік нәтиже көрсеткен, ғылыми әлеуеті жоғары, жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді академик Н.Базанова атындағы марапаттарды табыстап, құттықтады.

–  Бұл мереке – бүгінде барша нәзік жандыларға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз символына айналды. Халқымыз «Жұмақ – Ананың ізінде, шуақ – Ананың көзінде» деген. Бүкіл адамзат тірлігінің тегі  де, тірегі де, киесі де сіздерсіздер.  Батырдың ерлігіне, ақынның өлеңіне, сазгердің сазына, суретшінің шабытына күш беретін құзырет – сіздердің жүректеріңізде! Сондықтан барлық мадақ пен құрмет бүгін сіздерге арналады. Өткен бір жылдың ішінде қаншама жас ғалым қыздарымыз мемлекет басшының тапсырысымен пәтер алды! Мемлекеттік сыйлықтар,  стипендия, гранттар иегерлері атанды! Бұл үрдіс әлі де жалғасады деп сенеміз, – деді ол.


Сонымен қатар, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы  марапат иегері Бақытжан Әзібаева өз лебізін білдірді.

– 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерексі қарсаңында академик Нәйлә Базанова атындағы сыйлықпен ғылымда аянбай еңбек етіп жүрген әйелдерді құттықтағаны өте орынды болды. Ғылымды махабатпен шын жақсы көру керек. Сонда ғана ізденістің нәтижесі көрінеді. Әйелге біраз нәрсе байланысты. Отбасы құндылығын да ұмытпаған дұрыс. Біз сияқты ғылым саласында қызмет істеп кележатқан нәзік жандыларды елеп-ескеріп, марапаттаған кісілерге, құттықтаған жандарға үлкен рахмет! Ізімізді жалғаушы жастарға жұғысты болсын, – деді профессор Бақытжан Уәлиқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғылым саласы #нәзік жандылар #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика