AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Гүлмира Қанай: «Түркі әйелдері энциклопедиясын» жа...

Гүлмира Қанай: «Түркі әйелдері энциклопедиясын» жазуды ұсынамын

Білім және ғылым 23.05.2025, 10:00 807 dulatbekova
Гүлмира Қанай: «Түркі әйелдері энциклопедиясын» жазуды ұсынамын
Cурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

XII Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, профессор Гүлмира Қанай «Түркі әйелдері энциклопедиясын» жазуды ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Нийде Өмер Халисдемир университетінде өткен  симпозиум аясында Түркі әлемінің өзекті мәселелерін қамтитын бірнеше ғылыми секциялар ұйымдастырылып, онда Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары, зерттеушілері өз баяндамаларын ұсынды. Түркі мемлекеттері арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты басты тақырып еткен халықаралық жиынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ресми серіктес ретінде қатысуда.

QyzPU ректоры Гүлмира Қанай өз сөзінде түркі халықтарының ортақ тамыры мен мәдени мұрасы, соның ішінде әйелдердің білім мен ғылымға қосқан үлесін зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Ректор Түркі елдеріндегі қыз баланың білім алу тарихына арналған оқулық жазу және әйел ғалымдар мен ағартушылардың мұрасын біріктіретін «Түркі әйелдері энциклопедиясын» жарыққа шығару бастамасын көтерді.

 «Ежелгі замандардан бастап бүгінгі күнге дейін түркі әйелдері білім арқылы қоғамға қызмет етіп келеді. Бұл үрдіс – ұлттың дамуы мен өркендеуінің кепілі. Болашақта да түркі елдері әйелдердің білім алуына жағдай жасап, олардың әлеуетін толық іске асыруға күш салуымыз маңызды. Осы тұста Түркі елдері арасында қыз балалардың білім алуына қатысты тарихи анализге негізделген оқулық жазуды ұсынамын. Сондай-ақ Түркі елдері арасында әйел ғалымдар мен ағартушылардың мұрасын зерттеп, насихаттау мақсатында «Түркі елдерінің әйелдер энциклопедиясын» үш университет бірге жазуды ұсынамын», – деді Гүлмира Әмірханқызы.

Университет ректоры ұсынған жобалар Түркі әлеміндегі әйелдердің тарихи рөлін жүйелі түрде зерттеуге, түркі қоғамындағы гендерлік теңдік пен білім беру саласындағы жетістіктерді паш етуге бағытталған.

Айта кетейік, Қыздар университеті – Орталық Азиядағы қыздарға арналған жалғыз жоғары оқу орны. Білім мен мәдениет арқылы түркі халықтарын жақындастыру бағытында атқарылып жатқан бастамаларда университет белсенді серіктес ретінде танылып келеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қыздар педагогикалық университеті #Түркі әлемі зерттеулері #симпозиум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауыр күйік салдарынан зардап шеккен балаларға күрделі оталар жасалды

Бүгін 17:21

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында жөндеуден кейін жаңартылған бөлімше ашылды

Бүгін 17:19

«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

Бүгін 15:40

Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Бүгін 15:18

21 мыңнан астам абаттандыру ережесін бұзушы және 20 тоннадан астам алкоголь тәркіленді: Алматыдағы «Таза Қазақстан» қорытындысы

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);