AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Гүлдер» би тобы қазақ өнерін шетелде насихаттап ж...

«Гүлдер» би тобы қазақ өнерін шетелде насихаттап жүр

Мәдениет 19.10.2022, 05:49 1,438
«Гүлдер» би тобы қазақ өнерін шетелде насихаттап жүр
Сурет: 24.kz

Би арқылы ұлттық өнерді насихаттау.


Ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі – би. Осындай ұстанымы бар «Гүлдер» би тобы мұхиттың ар жағында қазақ халқының мәдениетін насихаттап жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24».


Вирджиния штатында белсенді қыздардың ұйытқы болуымен құрылған ұжым түрлі салтанатты шараларда сахананың сәнін келтіреді. 



«Мен Солтүстік Коралинода тұрамын. Осы жаққа келуге бес сағат уақыт кетеді. Мен кішкентай кезімде Тараз қаласындағы Айша бибі тобында билегенмін. Өзіме өте ұнайды, сондықтан шаршамаймын», - дейді «Гүлдер» тобының мүшесі Гүлияр Хасанова. 



«Гүлдер» тобы 2017 жылы құрылды. Вашингтонда өткен халықаралық шарада қазақтың мәдениетін таныстыру үшін жиналған қыздар сол кезде көрермендер тарапынан үлкен қолдау тапқан. Ақылдаса келе, топ құрады.



«Біз Вашингтонда ұйымдастырылатын халықаралық фестивалдерде қазақтың мәдениетін таныстыруды жалғастыруымыз керек деп шештік», - дейді «Гүлдер» тобының мүшесі Айнұр Нуркина. 



Америкадағы мәдени шаралар, Наурыз мерекесі қазір «Гүлдер» тобының қатысуынсыз өтпейді. Олар да өнерінің арқасында бірнеше штатты аралап шыққан. Қазір топтың репертуарында Азия халықтарының көптеген биі бар. Елге деген сағыныш пен махаббат шығар, «Гүлдер» тобы саханада өнер көрсеткендері үшін гонорар сұрамайды. Әр шығармаға сай киім тігу сияқты шығындарды да өздері көтереді.   


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бишілер #қазақ өнері #Гүлдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика